Функциялары: бөлуші, жалғастырушы, сүзгілік Бөлуші



бет1/4
Дата02.05.2022
өлшемі20,92 Kb.
#33042
  1   2   3   4
Байланысты:
геогр


Мемлекеттік шекаралар

Мемлекеттік шегаралар – мемлекет егемендігінің кеңістік шегі, яғни мемлекет аумағының құрлықтағы, судағы, жер қойнауы мен әуедегі шептерін айқындайтын сызық.

Мемлекеттік шегаралар функциялары: бөлуші, жалғастырушы, сүзгілік



Бөлуші функциясы елдер арасындағы адам, тауар және басқа қозғалыстарын шектеумен анықталады. Мысалы, адамдардың қозғасылысын шектеу және тоқтату үщін шекара бойында арнайы тосқауылдар қою, ақылы визалық режім орнату.

Жалғастырушы функциясы дүниежүзінің көптеген аймағында елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беруде.

Сүзгілік функциясы елдің аумағына келетін қауіп-қатерді, теріс ағымдар мен тиым салынған тауарларды, адамдар легін өткізбеу мақсатын көздейді.

Мемлекеттік шегаралар түрлері:



Табиғи шегаралар елдердің аумақтарын бөліп жатқан табиғи шептер арқылы өтеді. Геосаяси тұрғыда алғанда, табиғи шегаралар неғұрлым сенімді болады.

Жасанды шегаралар адам қолымен жасалған арнайы инженерлік құрылғылар көмегімен белгіленеді. Кей жағдайларда дәни, саяси жағдайларға байланысты тұрғын халықтың пікірі ескерілмей жүрген жасанды шегаралар да бар. Мысалы, Африканың мемлекеттері арасында отарлар кезінде метрополиялар түзу сызғышпен бөлген шегаралар бар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет