«Ақиқат – даналықтың бастауы» Халық даналығы
Сұрақтар:
1. Ақиқат деген не?
2. Адами қасиетке нені жатқызуға болады?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
Оқушылар бір неше рет қайталап, дәптерге жазып алады. Талдау сұрақтарына жауап береді.
Оқиға айту (Әңгіме)
Ертегі Ертеде бір кедейдің үш баласы болыпты. Үшеуінің мінезі үш түрлі екен. Үлкені қатыгез, қу, тек қана өзін ойлайтын, ал ортаншысы жігерсіз, елдің айтқанымен жүретін адам болып өседі. Ең кішісінің аты Елемес екен. Ол ағаларына қарағанда мейірімді, адал, еңбекқор еді.
Әмиянды жерден көтеріп алып:
- Мынау кімнің әмияны? Кім жоғалтты? – деп жар салады.
Бұл сөзді естіген жәрмеңкеде жүрген қала жұрты аңтарылып Елемеске қарап қалады. Осы кезде Елеместі Қоршап тұрған адамдардың арасынан бір қария шығып:
- Мен жоғалттым. Оның ішінде менің өмір бойы жиып-терген алтын теңгелерім бар. Оларды әйелім тігіп берген гүлді орамалдың ішіне түйіп қойғанмын. Балам, әмиянді ашып көрші, — дейді.
Елемес әмиянды қарап тұрған жұрттың көзінше ашады. Расында да ішінде гүлді орамалға түйілген алтын теңгелер бар екен. Жоғын тапқан қария қуанып Елемеске алғысын айтады.
- Балам, өзің кім боласын?Қайдан келесің? Қайда бара жатырсың? – деп жөн сұрайды
Елемес қарияға барлық мән-жайды айтып береді. Оның әңгімесін естіп болған қарт:
- Сен мейірімді, адал жан екенсің. Егер қаласаң, осы қалада қал. Менің үш ұлым бар еді, төртіншісі бол, — дейді.
Елемес қарияға еріп оның үйіне барады. Қарияның балаларымен бірге жер қазып, егін егеді. Бір күні жер қазып жүрген оның күрегіне бір зат ілінеді. Алып қараса — алтын. Алтынды көрген ол одан әрі қаза түседі. Сол жерден ат басындай алтын тағы шығады. Елемес тапқан алтынды алып, қарияның үйіне келеді де:
- Әке, мен ат басындай алтын таптым. Міне, алыңыз, — деп алтынды шалға ұсынады. Оның көңіліне разы болған қария:
- Балам, бұл алтынның маған қажеті жоқ. Қашанғы бізбен бірге тұра берем дейсің. Өзіңше үй-жай болып, өніп-өс. Бұл – адалдығың мен еңбегіңнің арқасында тапқан байлығың, — деп кеңес береді.
Елемес алғыс айтып, алтынның бір бөлігін қарияға береді. Өзі қалған алтынын сатып, үйленіп, үй болады. Мал-мүлік жинайды. Ешқандай қара жұмыстан қашпай, күні-түні еңбек етеді.
Сұрақтар: 1. Қарт Елемеске қандай кеңес береді?