Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнектерді түрлендіру Оқу мақсаты



Дата04.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#79171
түріСабақ

Пән/Сынып:

Математика 6 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Алгебралық өрнектерді түрлендіру

Оқу мақсаты:
  • тепе-теңдік және тепе-тең түрлендіру анықтамаларын білу;
  • алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;

Бағалау критерийі:
  • тепе-теңдік және тепе-тең түрлендіру анықтамаларын біледі;
  • алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындайды;

Өткен білімдерді шыңдау

Жақшаларды ашу

Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбаларымен жазылады а + (–b + с – d)=а–b +c–d Жақша алдында «–» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады

а – (b – с + d) = а – b + c – d

Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды. Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғаштарды біріктіру деп аталады. Өрнекті оған теңбе-тең өрнекпен алмастыруды өрнекті теңбе-тең түрлендіру немесе өрнекті түрлендіру деп атайды. Әріптерден, сандардан және амалдар таңбалары мен жақшалардан (қажет болған жағдайда) құрастырылған жазу алгебралық өрнектер деп аталады

Егер алгебралық өрнектегі әрбір әріптің орнына оның қабылдайтын мәнін қойсақ, сандық өрнек жазылады. Бұл жағдайда сандық өрнектің мәнін алгебралық өрнектің мәні деп атайды

Оқулықпен жұмыс

В тобы: №743

№744

С тобы: №747

№743

Жақшаларды ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіріңіздер: 1) 4(7–5х)–(12–20х); 3) 6(х+2у)–3(2х+у); 2) 2(3х–у)–(5х–2у); 4) 5(4х+у)–2(х–у)

№743

1) 4(7–5х)–(12–20х)=28-20х-12+20х=14 2) 2(3х–у)–(5х–2у)=6х-2у-5х+2у=х

3) 6(х+2у)–3(2х+у)=6х+12у-6х-3у=9у 4) 5(4х+у)–2(х–у)=20х+5у-2х+2у=18х+7у

№744 Тік төртбұрыштың ені b см, ұзындығы енінен 6 есе ұзын. Ұзындығы мен енінің айырмасы 30 см. Тік төртбұрыштың периметрін табыңыздар

Берілгені: Шешуі: 6b-b=30

Ені – b см 5b=30 b=6 (см)

Ұзындығы –6b 6b=36 (см)

6b-b=30 см Р=2(а+b)=2(6+36)=84 (см)

Табу керек: Р=? Жауабы: 84 см

№747 Өрнектің мәнін табыңыздар: 1) 3(а+2b)–a, мұндағы а+3b=1,1; 2) 2,4(3x+5y)–4y, мұндағы 0,9x+y=2; 3) 8(0,5а+3b)+8a, мұндағы а+2b=2,5; 4) 3(0,6m+5n)–3n, мұндағы 0,3m+2n=4

1) 3(а+2b)–a=3а+6b-a=2a+6b=2(a+3b)=2*1,1=2,2 2) 2,4(3x+5y)–4y=7,2x+12y-4y=7,2x+8y=8(0,9x+y)=8*2=16 3) 8(0,5а+3b)+8a=4a+24b+8a=12a+24b=12(a+2b)=12*2,5=30 4) 3(0,6m+5n)–3n=1,8m+15n-3n=1,8m+12n=6(0,3m+2n)=6*4=24

Тексеру

  • 1. А
  • 2. А
  • 3. А
  • 4. С
  • 5. А

Назарларыңызға рахмет

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет