Сабақтың тақырыбы: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»



Дата27.09.2023
өлшемі193,39 Kb.
#110538
түріСабақ
Байланысты:
қмж 10 ә


Сабақтың тақырыбы: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

Мектеп: Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған
IT лицей-интернат

Күні: 18.09

Мұғалім: Якуп Жазира

Сынып:10 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты



10.1.1. Көркем шығармадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдануға бейімдеу

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар өлеңнің мазмұнымен танысады, мағынасын ашады. Әдеби шығарманың құрылысына талдау жасайды.

Оқушылардың басым бөлігі қазақ халқының мінез ерекшелігін танып біледі

Кейбір оқушылар сол кездегі дәуір тынысы мен бүгінгі заманды салыстырады.

Алдыңғы оқу

Абай шығармашылығын еске түсіру, ''Сегіз аяқ'' өлеңі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурс



Басталуы
4-мин



Сәлемдесу
Коллаборативті орта: Қарлы кесек: Әр оқушы өз есімін атайды және өз есімінің бас әріпінен басталатын әріппен өзін бейнелейтін сын есім айтады






«Қарлы кесек» әдісі

Сабақ барысы
4-мин

«Блум таксономиясы» бойынша сабақ жүргізу
«Білім» сатысна арналған сұрақтар қойылады.
«Миға шабуыл» әдісі
− Абайдың қандай шығармаларын білесіздер? − Абай өмір сүрген кезеңге сипаттама беріңіз? −«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіндегі негізгі ой қандай? −Абайдың білімге шақыратын қандай шығармаларын білесіз?




«Блум таксономиясы»

6-минут.




«Түсіну сатысына» арналған тапсырма
«Венн диаграммасы» бойынша екі өлеңнің айырмашылығын табыңыз
«Сегіз аяқ» өлеңі мен «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінің ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз.

«Венн диаграммасы»

3-минут.

«Қолдану сатысына» арналған тапсырма
«Қалың елім, қазағым қайран жұртым» өлеңіндегі халықтың тұрмыс- тіршілігін, сауаттылығын сын есімдерді қолдана отырып сипаттаңыз.






4-минут.


«Талдау сатысы» арналған тапсырмалар.
«Шындық – жалған» әдісі.
Оқушыларды тез ойлай білуге үйрету және «викторина» тәсілі артқылы оқушыларды жаңа технологияны қолдануға бейімдеу.
1) Абайдың шын есімі Ибраһим ✓
2) Абай ана тілінен басқа араб парсы тілдерін білген ✓
3) Абай "Көзімнің қарасы" өлеңін Тоғжанға арнап жазған (Әйгерімге арнаған)
4) Абай 1905 жылы болыс болып сайланды (1875)
5) Абай Семей қаласында туылған ✓
6) Абайға екінші есімді берген әжесі ✓
7) Абай алғашқы өлеңдерін досы Көкбайдың атынан жариялады ✓
8) Абай Ділдаға 13 жасында әмеңгерлікпен үйленген (15 жасында)
9) Әйгерім Абайдың ең жақсы көретін жары болған ✓
10) Абайдың поэзияға қызығушылығын оятқан анасы (әжесі)




«Викторина тәсілі»

3-минут.

«Жинақтау сатысына» арналған тапсырма
Өлең ішінен алынған сөздердің мағынасын ашып, түсіндіріңіз. Тапсырманың мақсаты оқушыларға сөздікпен жұмыс істеуге үйрету.

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

8-минут


«Бағалау сатысы»
«Соңғы сөзді мен айтайын» әдісінің мақсаты,оқушылар бойындағы сыни ойлау, сынды айта білу секілді қасиеттерді ашу. Сондай-ақ оқытудың жаңа әдісін іс-тәжірибеде қолдану.
«Бағалау сатысына» арналған тапсырма
Берілген өлең шумақтарын оқып, қазіргі уақытпен салыстыра өз ойларыңызды жазыңыздар.

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп еді екі ұртың.»


«Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінекей бұзған жоқ па елдің сиқын? Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.»







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет