Сабақ басы (13 мин)
|
Волонтерлік іс (лат. тілінен voluntarius — ерікті) – қызметтердің кең ауқымдылығы, ішіне өзара көмектің дәстүрлі пішіндерін және өзіне деген көмектің арттыруы болып келеді. Волонтерлікпен айналасатын адамдарды волонтер деп атайды. Олар ақысыз, ерікті қоғамдық жұмыс атқаратындарға жатады.
Волонтерлік (ерікті) қызмет:
Ағаш, өсімдіктер, көгалдар, түптерді отырғызып, өсіру;
Азаматтардың мынадай сияқты әлеуметтік санаттарына көмек: егде адамдар, қамқорсыз бала-шағалар, баспанасыз адамдар, жастар, студенттер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар (мүгедектер), бұрынғы тұтқындар, т.б;
Жануарларға көмек, қорықтар мен хайуанаттар саябағына ерікті көмек;
Ауланы, телімдерді, қалалық көшелерді абаттандыру;
Салауатты өмір салтын насихаттау;
Экологияны жақсарту: қоқыстарды жинау, сенбіліктерді ұйымдастыру т.б;
Қайрымдылық концеттері мен театр қойылымдары;
Нашақорлық, СПИД, жасөспірімнің айыпкерлігін алдын алуға арналған оқтаулы әңгімелерін жүргізу;
Волонтердің еңбегі ақысыз. Волонтерлер – тек альтруистер емес, олар тәжиребе алу үшін, дағдыларды және білімдерді арттыру үшін, дербес қарым-қатынастың қағидаларын білу үшін жұмыс істейді. Көбінесе волонтерлік қызмет – төленетін жұмысқа жол салады, бұл жерде адам өзін жақсы жақтан көрсете алады, өзін әртүрлі қызмет аясында сынап көріп, өмірлік жолын анықтай алады.
Құрмет көрсетудің бір көрнісі қарттарды сыйлау. Қазақ қарттары жасына лайық аузы дуалы,сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Әкеден ұл тусайшы,ата жолын қусайшы деп халық ұрпаққа ата мұрасын жалғастыруды уағыздайды.Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды , іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады..Адам өмірінің мәні менсұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі-баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтте естен шығармауында.Қартайған ата-ана біле білсек, отбасының алып діңгегі, шаңырақтың құты.Қарт кісіні құт-береке деп танысаң, ол ұрпақтың көрегендігі.Ұрпағы құрметтеген ата-ана әрқашанда бақытты.Қарттар-біздің қазынамыз. Қазақстанның өсіп-өнуіне.еліміздің тыныш, бейбіт өмір сүруіне өз үлестерін қосқан осы аяулы қарттарымыз.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.Дүние кезек деген.Сендер де өмір бойы жас болып жүрмейсіңдер.Сендер ата-аналарыңды құрметтеп, сыйласаңдар, ертең сендерді де балаларың сыйлап, қадірлейтін болады.Атаңа не істесең-алдыңа сол келер деген қазақта дана сөз бар .
|
Оқушы:
Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Оқушы:Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше тақпақтар бөліміне құлақ түрелік.
Оқушы:
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Оқушы:
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
|
суреттер
|