Ортасы
|
1-тапсырма бойынша оқылым материалымен «Іштей оқу» әдісі арқылы танысып, сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырманы топқа бөлініп орындайды.
1-топ. Робинзон күнделігінің 75–76-беттерін оқып, күнделік мәтінінен ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалға мысалдар теріп жазады.
2-топ. Оқу жылының алғашқы екі тоқсанында өз уақыттарын қалай өткізгендерін, қандай жетістіктерге қол жеткізе алғандарын эссе түрінде жазады.
3-тапсырма бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Сезім, Теміртау, мақтаныш, айтыс, Алтынай, мінез, Жасұлан, ел, күз, Атбасар, шөп, кемпірқосақ, кіші, біл, аялда, бұр, күре, жақсы, үлкен, жаман, Ақтабан, Теңбілкөк.
І деңгей: Басқа сөз табынан қатысып тұрған сөздерден зат есім жасайды.
ІІ деңгей: Берілген сөздерден дара зат есімдерді бір бөлек, күрделі зат есімдерді бір бөлек топтап жазады.
ІІІ деңгей: Жоғарыда берілген туынды зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрайды.
4-тапсырмада дидактикалық материалдан айтылым бойынша сұрақтарға жауап береді.
|