Сабақ мақсаттары
|
Суреттеу мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты әсерлі мазмұндайды, сапалық және қатыстық сын есімдерді қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Ақпараттарды іріктейді, ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізеді.
|
Тілдік мақсат
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: ертегі, қиял-ғажайып оқиға, алтын құйрықты құлын.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, бұл игі бастама, болашақтың сұранысы бойынша, бұл пікірді қолдаймын.
|
Алдыңғы оқу
|
Фантазия
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Ойтүрткі.
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінен үзінді тыңдап, ой бөліседі.
|
ОӘК материалдары
|
Ортасы
|
1-тапсырма бойынша оқушылар пікірталас алаңында «Бұрыштар» стратегиясы арқылы екі топқа бөлініп, мәтінде көтерілген негізгі екі мәселені түсіндіреді.
2-тапсырманы топқа бөлініп орындайды.
1-топ. Ертегідегі зат атауларын сындық мағынадағы сөздерімен бірге теріп жазады.
2-топ. Мәтіндегі қай сөздердің заттың түр-түсін, сын-сипатын тікелей, қай сөздер басқа сөздердің қатысы арқылы білдіріп тұрғанын анықтап жазады.
3-топ. Ертегіні өз қиялдарымен жазып көреді.
3-тапсырма. Дидактикалық материалдардан оқушылар өздеріне ұнайтын ертегі кейіпкерлері жайлы сыр бөлісе отырып, олардың портретін сипаттап жазады.
Ертегі кейіпкері
|
Сырт келбеті
|
Мінез-құлқы
|
Ерекше ұнаған қасиеті
|
|
|
|
|
|
«Бұрыштар» стратегиясы
ОӘК материалдары
Дидактикалық материалдар
|
Аяқталуы
|
Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қорытындылайды. Жауаптарға сәйкес бояйды.
Үйге тапсырма.
Тыңдалым материалы бойынша ұнаған бір эпизодты мазмұндап жазады.
|
«Бағдаршам» әдісі
Таратпа қағаздар
ОӘК материалдары
|
Қосымша ақпарат
|
|