1-тапсырма бойынша оқылым материалымен «Іштей оқу» әдісі арқылы танысып, өлеңге басқа тақырып қояды. Ойтүрткі сұрақтарына жауап береді:
1.Ақын өлеңде өз заманы үшін ғажайып оқиғалар мен таңсық дүниелерді қалай сипаттаған?
2.Ы.Алтынсариннің жазғаны бүгінгі таңда жүзеге асты ма?
3. Ақын суреттеген ғажайыптар неліктен қиял болудан қалды?
2-тапсырма бойынша деңгейлік тапсырманы топқа бөлініп орындайды.
1-деңгей. Өлеңдегі ғажайыптық сипатқа ие оқиғаларды бүгінгі күнмен салыстырып, кестені толтырады.
2-деңгей. Өнер-білімнің пайдасы жайында мақал-мәтелдер тауып жазып, мағыналарын түсіндіреді.
3-деңгей. «ХХІ ғасыр – қиялды ақиқатқа айналдырған ғасыр» тақырыбында хабарлама жазады.
3-тапсырма бойынша «Табиғаттың таңғажайып сыры» тақырыбында эссе жазады.
4-тапсырмада дидактикалық материалдан жазылым әрекетіндегі тапсырманы орындайды. Қазір пайда болған жаңалықтарды жазады.
|