Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
5.2.1.1 - мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;
5.3.1.1 - берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, тіліміздің дамуына нұқсан келтіріп тұрған сөздерді айқындайды. Хабарландыру жаза алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Грамматикалық ережелерді ұстанады, хабарлама жаза алады.
|
Тілдік мақсат
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: тіл тазалығы, сөз өнері, тіл мәдениеті.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
менің ойымша, болуы мүмкін, ықтимал
|
Алдыңғы оқу
|
Тіл – бірлік құралы
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Ой шақыру. Ахмет Байтұрсынұлының тіл тазалығы жөнінде айтқан пікірін тыңдап, көтерілген мәселені талқылайды. А.Байтұрсынұлы айтқан үш өзекті мәселені анықтайды. Мәтіндегі сингармонизм заңдылығының сақталуына назар аударады.
|
Тыңдалым материалдары
|
Ортасы
|
1-тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқиды. Тіл тазалығына нұсқан келтіріп тұрған сөздерді дұрыс нұсқасымен ауыстырып, сұхбатты қайтадан жүргізеді.
2-тапсырма. Оқушылар «Сұхбаттың басты кемшілігі неде?» тақырыбында диалог құрастырады.
3-тапсырма. Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды.
1-деңгей. Буын үндестігіне бағынатын және бағынбайтын сөздерге 4 мысалдан жазады.
2-деңгей. А.Құнанбайұлының, Қ.Мырза Әлінің тіл тазалығы жөніндегі өлеңдерінен үзінді жазып, буын үндестігіне қарай талдайды.
3-деңгей. Мектепте «Тіл тазалығы» іс-шарасының өтетіні жөнінде хабарландыру жазады.
Хабарландыруға қойылатын талаптар: кімге арналғаны, өтетін шараның уақыты мен атауы және шарттары жазылуы тиіс.
Үлгі: Құрметті оқушылар! 10.09-20.09 аралығында «Қазақ тілі» апталығы өтеді. Апталықта әр сынып білім және өнер сайысына түседі. Жеңімпаздар Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесіне арналған жиында марапатталады.
Бәріңізді белсенді қатысуға шақырамыз.
|
Сұхбат
Деңгейлік тапсырма
|
Аяқталуы
|
Рефлексия. «Плюс- Минус-Қызығамын» кестесі бойынша кері байланыс жасатамын.
«Плюс»
(+)
|
Сабақта қызық болған, пайдалы болар деп ұйғарылған мәселелер жазылады.
|
«Минус»
(–)
|
Сабақта сәтсіз шыққан, пайдасы жоқ не шамалы болды деп ұйғарылған мәселелер жазылады.
|
«Қызығамын» (?)
|
«Не білгім келеді?» немесе «Бұл мен үшін қызық бола ма?» деген сұрақтарға жауаптар келтіріледі.
|
Үйге тапсырма. Тіл тазалығы жөнінде 5 мақал жазып, сөздердің буын үндестігіне бағынып не бағынбай тұрғанын түсіндіреді.
|
«Плюс- Минус-Қызығамын» кестесі
ОӘК материалдары
|
Қосымша ақпарат
|
|