Әлеуметтік, көпшілік туралы тақырыптардан алынған ақпараттарды пайдаланып, өзара диалог құрады. Сөздерге дыбыстық талдау жасай алады.
Жетістік критерийлері
Грамматикалық ережелерді ұстанады, хат жазу құрылымын біледі.
Тілдік мақсат
Негізгі сөздер мен тіркестер: әзірбайжан қызы, жер аударылу, қазақ халқының кеңпейілділігі, Грузия.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
менің ойымша, бұл игі бастама, болашақтың сұранысы.
Алдыңғы оқу
Тіл – қатынас құралы
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сабағымызды бастамас бұрын сендерді ойсергекке шақырамын. Балалар, «Үндеме» тренингі арқылы көңілімізді көтерейік. Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп санап, екі топқа бөледі. Тапсырма: екі топ үндемей, тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп, туған күндері бойынша сап түзеуі тиіс. Саптың алдында 1 қаңтарда туған оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле береді. Енді сабағымызды бастайық!
Қызығушылықты ояту:
Сұрақтарға жауап беріңдер.
Мәтінге қандай тақырып қояр едіңдер?
Асылы апайдың осы әңгімесінен нені байқадыңдар?
Бүтінін бөліп, жартысын жарып деген тіркестердің мәнін қалай түсінесіңдер?
Қазақ тілін еркін меңгерген өзге ұлт өкілдерінен тағы кімдерді білесіңдер?
ОӘК материалдары
Ортасы
Оқушылар ғибратты сөз айдарымен берілген 1-тапсырманы орындайды. Тірек сөздерді анықтап, оны буынға бөліп жазады.
Тыңдалым материалы бойынша берілген 2-тапсырмада оқушылар Мұхтар Шахановтың кітабынан алынған үзіндіні оқып, ойларын ортаға салады.
3-тапсырмада оқушылар деңгейлік тапсырмаларды топқа бөлініп орындайды.
1-деңгей. Грейстің ең алғаш үйренген сөйлемдерін көшіріп жазып, бастауыш болып тұрған сөздердегі дауысты дыбыстарға талдау жасаңдар.
2-деңгей. Тараз қаласы туралы сипаттама сөйлемдерді теріп жазып, баяндауыш болып тұрған сөздердегі дауыссыз дыбыстарға талдау жасаңдар.
3-деңгей. Грейстің жазбасы мен Асылы Османованың естелігіндегі ақпаратты салыстырып, Венн диаграммасына түсіреді.
Жазылым бойынша 4-тапсырманы орындап, мақал-мәтелдердің түсіндірмесін «Т кестесіне» түсіреді.