1-тапсырма бойынша оқылым материалымен «Іштей оқу» әдісі арқылы танысып, оқиғасын мазмұндайды. Ойтүрткі сұрақтарына жауап береді:
1.Берілген үзіндіден Қожаның қандай өзіндік әлемі байқалады?
2.Қожа не себепті атақты, танымал тұлғаға айналғысы келеді?
3.Қожа батыр болуды армандағанда тек қана атын шығаруды мақсат ете ме?
4.Сендердің ойларыңша, оқиға қалай жалғасуы мүмкін?
2-тапсырма бойынша деңгейлік тапсырманы топқа бөлініп орындайды.
1-деңгей. Оқылым мәтінінің алғашқы азатжолындағы Қожаның қиялын антоним сөздермен алмастырып жазыңдар.
2-деңгей. Қожаның мінез-құлқын сипаттайтын сын есімдерді анықтап, мағыналық түрлерін ажыратады. Кестені толтырады. Үлгісі:
3-деңгей. Өз армандарымен бөлісіп, Қожаға хат жазады.
|