1-тапсырма бойынша оқылым материалымен «Іштей оқу» әдісі арқылы танысып, сұрақтарға топқа бөлініп жауап береді.
1-топ. Табиға аясында, онымен үйлесімде өмір сүрген қазақ халқын қалай сипаттар едіңдер?
2-топ. Космогондық өрнектерде халқымыздың арман-қиялы қалай көрінген?
3-топ. Космогондық өрнектердің пішіні қандай болады?
2-тапсырма бойынша деңгейлік тапсырманы топқа бөлініп орындайды.
1-деңгей. Шырай жұрнақтарын жалғап, берілген сын есімдерді түрлендіріп жазады.
2-деңгей. Оқылым мәтінінің мазмұны негізінде диалог құрастырады.
3-деңгей. Таныстырылым мен ғаламтордағы суреттерді пайдалана отырып, «Киіз үйдің өрнектері» тақырыбында әңгіме жазады.
3-тапсырма бойынша адам қиялынан туындаған ою-өрнектерді сипаттап жазады.
4-тапсырмада дидактикалық материалдарда берілген мәтіннің құрамындағы сын есімдерді анықтайды.
|