Бөлім: Мәдениет: тіл және қарым -қатынас
|
Мектеп: №50 Райымбек батыр атындағы «Қазғарыш» мектеп-лицейі Күні: 04.09.2023ж
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)
|
Қошқарова Зухра Қошқарқызы
|
Сынып: 5 «Ж»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ана тілі
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
5.1.1.1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау;
5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
|
Сабақтың мақсаттары
|
Тіл туралы тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды, бейтаныс сөздердің мәнін ажыратады; ауызша және жазбаша сөйлеудің ерекшелігін салыстырады, мәтіннің негізгі ойын өмірмен байланыстыра отырып, өзіндік көзқарас танытады..
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу, түсіну
|
Бағалау критерийлері
|
Мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтайды.
Ақпаратты салыстыру арқылы түсінеді
Тірек сөздер арқылы тақырыпқа болжам жасайды.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
5минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады.
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен саған сенемін» жаттығуы.
Жұпқа бірігеміз. Бір-біріңізге қарама қарсы орналасыңыз. Азғантай уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге тіке қарап, тыныш отырыңыз. Енді бір-біріңізге «Мен саған сенемін, өйткені…» деп сөйлемді жалғастырыңыз.
Тыңдалым алды тапсырма. Қызығушылықты ояту. Суреттерге қарап болжам жаса. Берілген тірек сөздерді байланыстыр.
Тірек сөздер: тіл, сөйлеу, ауызша, жазбаша
Тапсырма:
1.Тірек сөздердің мағынасын дұрыс аш;
2. Түсінігіне сай болжам жаса. (оқушылардың жауабы тыңдалады).
Берілген ана тілі туралы даналық сөздерге тиісті сөздерді таңдап, мағынасын ашыңдар.
Дескриптор:
Тірек сөздердің мағынасын ашады;
Түсінігіне сай болжам жасайды;
ана тілі туралы даналық сөздерге тиісті сөздерді таңдап, мағынасын ашады;
тақырыпқа байланысты өз көзқарасын білдіреді.
|