Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Астарында қандай ой бар? Негізгі идеясы қандай? Қай сөйлемдер ... дәлелдеме бола алады?
Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: ғибрәтлі - үлгілі, нәфрәтлі – жеркенішті, мизан – таразы, кәпір - мұсылман емес, діннен шыққан, ғұламаһи - ғалым, ғұлама, дүлдүл – кемеңгер. Әлеуметтік мәселе - қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым. Ол отбасынан, ағайын, туыс, жекжат-жұраттан бастап, ел-жұрт мағынасына дейін қамтиды. Қоғамдық мәселе - «қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық жағдайлар төңірегінде қалыптасқан бұқаралық сананың өзекті күйі.
Бағалау критерийлері
1. Өлеңнің идеясын анықтайды.
2.Көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені өлеңнің идеясы арқылы түсінеді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу, түсіну
Құндылықтарға баулу
Зайырлы қоғам және жоғары руханият
Пәнаралық байланыс
Қазақстан тарихы, қазақ тілі
АКТ
PowerPoint арқылы интербелсенді тақтадан ой шақыруға қатысты суреттерді көрсету
Тақырып бойынша
алдыңғы білім
А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин.
Ойшақыру.
Топқа бөлу. Қима қағаздарға төмендегі сөздердің жазылуы барысында топқа бөлемін:
1. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым – «Бес асыл іс» тобы.
2. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – «Бес дұшпан» тобы.
3. «Желсіз түнде жарық ай», «Әсемпаз болма әрнеге», «Масғұт», «Интернатта оқып жүр, «Қансонарда бүркітші шығады аңға» - Абай тобы.
Бес асыл іс
1-топ: «Бес асыл іс» Бес дұшпан
2-топ: «Бес дұшпан»