Сабақтың тақырыбы: Ақпарат құралдары. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
Сабақтың білімділік мақсаты: бұқаралық ақпарат құралдар туралы мәлімет беру, жаңа тақырыпты жүйелі түрде жете түсіндіре отырып , өз бетінше шығармашылық ізденіс жасауға дағдыландыру, тақырыпты саналы түрде меңгерту сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы білімдерін пысықтау.
Дамытушылық мақсаты: шығармашылық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: оқу мен жазу арқылы СТО-ды дамыту стратегиялары, диалогтық оқыту, бағалау,
Жұмыстың түрі: жұптық, топтық
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
Құралдар: интерактивті тақта, маркер, А3 форматты қағаз.
Көрнекіліктер: слайд көрсетілімдері.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, музыка, тарих.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі, сыныптағы психологиялық ахуал.
А) сәлемдесу
Б) Әдемі әуен арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару
В) Фонетикалық жаттығу: қиын дыбыстарды қайталау 2 мин
Г) Лексикалық жаттығу: оқушылар бір – біріне үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қойып, жауап береді 5 мин
- Балалар, тақтадағы мына жұмбақты шешіп, не туралы екенін айтыңдаршы:
Слайд №1.
Сабақтың эпиграфы: Ән салады чемодан ,
Ішінде тұр көп адам.
Естімейді сөзіңді ,
Сөйлесең де сен оған. /Теледидар/. 1 мин
Слайд №2.
Балалар, теледидар деген не? Сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Жақсы, енді осы тақырыпты толық меңгеру үшін сендер алдарыңа қандай мақсат қоясыңдар? 1 мин
Осы мақсаттарыңа жету үшін алдарыңа қандай міндеттер қоясыңдар?
Слайд №3.
Бүгін, сендер бұқаралық ақпарат құралдары, олардың түрлері, олардың пайдасы мен зияны туралы білетін боласыңдар. Сонымен қатар сөйлем мүшелері туралы қайталаймыз. Сендер сабақ барысында сауатты сұрақтар қойып, дұрыс жауап беріп үйренесіңдер, түрлі тапсырмаларды жұппен, топпен орындайсыңдар.
Алдымен топқа бөлініп алайық.
Сыныпты 3 топқа бөлу, топ мүшелерінің жетекшісін анықтау.
Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
Оларды атап көрші?
Тұрлаулы сөйлем мүшелеріне не жатады?
Бастауыш пен баяндауыштың сұрақтары қандай?
Мысал келтіріңдер 5 мин
Енді тақтаға қараңдар, әр топ жреби бойынша тақырыптарды таңдап алады. Топтың капитаны 4 тақырыптың біреуін таңдап алады:
Слайд №4.
1-топ -
2- топ –
3- топ –
Слайд №5.
Енді осы тақырыпты меңгеру үшін тақырыпқа қатысты басым сөздермен жұмыс істейміз: (хормен қайталату) 3 мин
Мүмкіндігі зор – огромная возможность
Билік – власть
Сараптамалық жанр – аналитический жанр
Әсер етеді – повлияет
Сымсыз байланыс – безпроводная связь
Ренжігіш – обидчивый ( )
Ашушаң – вспыльчивый( )
Есту мүшесі – органы слуха
Енді осы сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырамыз.
Слайд №6.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы құралдардың көмегімен, кез келген адамға әртүрлі мәліметтерді ашық жеткізеді. Бұқаралық ақпарат құралдарына теледидар, радио, мерзімді басылымдар жатады. Қоғам үшін БАҚ-ның маңызы зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. Француз жазушысы Оноре де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады.
Теледидар – бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Тележурналистика жанрлары: ақпараттық, сараптамалық және көркем – публицистикалық деген үлкен үш топқа бөлінеді. Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді. Оның адам үшін пайдасы да, зияны да бар. Үлкеніміз де, кішіміз де теледидар алдында көп уақытымызды өткіземіз. Ол адамның денсаулығына үлкен әсер етеді. Адамның психологиясына әсер етеді. Әсіресе балалардың мінезі өзгереді. Олар ашушаң, ренжігіш болады. Теледидарды көп көретін бала, әдетте, кітап оқымайды.
Радио - сымсыз байланыстың бір түрі. Радиобайланысты алғаш А. С. Попов ойлап тапқан. Радио өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді. Оның адам үшін пайдасы көп. Радио байланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды алыс жерлерге жеткізу. Радионың үнін тым қатты қойсаң, ол адамның есту мүшесіне әсер етеді. Бірақ радио арқылы біз қажетті бағдарламаларды білеміз. Республикалық жаңалықтарды, көркем және музыкалық хабарларды білеміз.
Топпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар:
Слайд №9.
Мәтін бойынша топтар бір – біріне сұрақтар қойып, жауап береді.
(3 сұрақтан) 2 мин
Бағалау парағына топ жетекшілері бағаларын қояды
Мәтіннен тұрлаулы сөйлем мүшелерін анықтау 1 мин
Бағалау парағына топ жетекшілері бағаларын қояды
Шығармашылық жұмыс. 6-7 мин
Слайд №7.
Топтық қорғау 7 мин
Слайд №8.
Енді сендерге алған білімдеріңді бекіту үшін «Иә, жоқ» ойынын өткізейік. 2 мин
Достарыңызбен бөлісу: |