Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.2.А.Тізбектер Мектеп: М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Нұрқалық З.Қ.
Класс: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
9.2.3.7 Арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару
|
Сабақтың мақсаты:
|
Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға байланысты теңдеулерді шешу
Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді шығару
Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға байланысты теңдеулер жүйесін шығару
|
Бағалау критерийі
|
Арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға байланысты есептерді шығарады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты қолданылатын терминдер: арифметикалық прогрессияның айырымы, арифметикалық орта, геометриялық прогрессияның еселігі, геометриялық орта.
Диалог және жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Әрбір келесі саны, алдындағы санына белгілі бір тұрақты d санын қосқанға тең болатын тізбек ...
Әрбір келесі саны, алдынғы санына белгілі бір тұрақты q санын көбейткенге тең болатын тізбек ...
Арифметикалық прогрессияның кез-келген бір мүшесінің екі шеткі мүшелерінің қосындысының жартысына тең болу қасиеті ...
Геометриялық прогрессияның кез-келген бір мүшесінің екі шеткі мүшелерінің көбейтіндісін түбір астына алғанға тең болу қасиеті ...
|
|