Сабақтың басы
10 минут
|
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады
Үй тапсырмасын тексеру
60- 61 бет түсініп оқу,мазмұндау.
Қызығушылығын ояту
Негеш пен Эврика ойнап отыр.Денелердің неден жасалғанын анықта.Қар қиыршықтары неден құралады деп ойлайсың?Оны қалай дәлелдеуге болады?
|
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.
Мұғалім қойған
Сұрақтарға жауап береді.
|
«Басбармақ» арқылы
Дұрыс жауабы болған үй тапсырмасына
1 балл
|
Қанайналым жүйесі көрсетілген адам сұлбасы
|
Сабақтың ортасы
15минут
15 минут
|
1-тапсырма
Саналуан заттар.Суретте бейнеленген денелерді ата.Оларды қандай екі топқа бөлуге болады?Өз ойыңды түсіндір.Заттарды шығу тегі қандай?Әр топқа ат қой.
Дескриптор:
-заттарды атайды(1балл)
-оларды екі топқа бөледі(1балл)
-екі топқа бөлу себебін түсіндіреді(1балл)
-заттардың шығу тегін сипаттайды(1бал)
-әр топқа ат қояды (1балл)
2-тапсырма
Дене қандай заттардан құралуы мүмкін?Сынып бөлмесінен табиғи заттардан жасалған бес дене,жасанды заттардан жасалған бес дене тап.Оларды қандай заттардан құралғанын айт.
Дескриптор:
- табиғи заттардан жасалған денелерді атайды,оларды қандай заттардан жасалғанын айтады (2балл)
-жасанды заттар жасалған денелерді атайды,оларды қандай заттардан жасалғанын айтады (2балл)
|
Саналуан заттар.Суретте бейнеленген денелерді атайды.Оларды қандай екі топқа бөлуге болатынын айтады.
Сынып бөлмесінен табиғи заттардан жасалған бес дене,жасанды заттардан жасалған бес дене тауып айтады.Оларды қандай заттардан құралғанын айтады.
|
|