Бөлім:
|
Адам
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
Кожаниязова.В.А
|
Күні:
|
10.11.2022ж
|
Сынып: 3В
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ас не үшін қажет?
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
3.2.3.2 асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау
3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттап, адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтай алады.
Көптеген оқушылар: пайдалы ас мәзірін дайындап, асқорытудың адам ағзасына маңызын талқылайды.
Кейбір оқушылар: дұрыс өсу мен дамуға қажетті азық-түліктерді ажырата алады.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
10 мин
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін хормен дауыстап өлең оқиды.
Мынау менің - жүрегім
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым- ақылды
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің - оң қолым
Мынау менің - сол қолым
Барлық істі атқарған.
Топқа бөліну «Таңдау» әдісімен түсті қағаз түсіне қарай топқа бірігеді.
Жаңа тақырыпты ашу «Сұрақ-жауап» әдісімен өтеді:
-Суреттердегі нелер?
-Ол адамға не үшін керек?
-Оны басқаша қалай атауға болады?
-Оны қорек, ауқат, дәмтұз деп атауға бола ма?
-Адам дені сау болып, ұзақ өмір сүру үшін қандай тамақтануы керек?
-Дұрыс тамақтану жүрек пен тамырды нығайтуға қалай ықпал етеді?
- Денеге күш түскенде адамның тыныс алуы неліктен жиілей бастайды?
-Таза ауада ұзақ жүру неліктен пайдалы?
-Күніне неше рет тамақтану керек?
-Таңғы асты қай уақытта ішкен дұрыс?
-Кешкі асты ше?
-Тамақты шамадан артық ішкен адам өзін қалай сезінеді?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыңдар?
Сабақ мақсаты жария етіледі.
Өлең оқиды.
Парақша алып, топқа бірігеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Тақырып атауын табады.
«Ауыз-ша мадақ-тау» әдісі
Сабақтың ортасы
10 мин
2 мин
20 мин
(Т) 1- тапсырма.
А) Мәтінмен жұмыс.
Ә) «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.
1-топ: Тәуліктің қай бөлігінде ботқа жеген дұрыс? Неліктен?
2-топ: Таңғы асқа тағы не ішуге болады?
3-топ: Суреттерге қарап, күнбағыс майы мен сарымайды салыстыр. Оларды неден жасайды?
4-топ: Суреттен пайдасы аз тағамдарды көрсет. Неліктен? Түсіндір.
Б) Сұрақ-жауап:
-Тамақтың құрамы мен энергетикалық құндылығын қалай білуге болады?
Дескриптор:
- Таңғы асқа ботқа жеген дұрыстығын түсіндіреді.
- Таңғы асқа ішуге болатын тағамдарды атайды.
- Суреттерге қарап, күнбағыс майы мен сарымайды салыстырады, неден жасалатынын түсіндіреді.
- Пайдасы аз тағамдарды көрсетіп, себебін түсіндіреді.
- Тамақтың құрамы мен энергетикалық құндылығын қаптамадан білуге болатынын түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |