Шоғырландырылған қаржылық есептілік өз кезегінде мынадай құжаттардан тұрады:
Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс;
Қаржылық қызмет нәтижелері туралы шоғырландырылған есеп;
Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп (тікелей әдіс);
Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы шоғырландырылған есеп;
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба.
Бюджеттік есептілік мыналарды қамтиды:
Жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептер;
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептер;
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есептер;
Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есептер;
Облыс бюджеттерінің атқарылуы туралы есептер;
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер;
Стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есептер;
ҚР Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есептер.
Есеп бетінде Бюджеттің түрі, МО атауы, бекітілген және өзектілігі күні, есептің өзі, құжаттарды жүктеу сілтемесі көрсетіледі.
8.5.
Рефлексия (6 мин)
«Көңілді тақта» әдісі. Субъективті тәжірибені белсендіру тәсілі. Қысқаша жазу.
Сабақта не түсінгеніңді, парталас көршіңе тілегіңді барынша қысқа жазып тақтаға ілу. Сабақта үйренгеніңе орай өзіңе тілегіңді жаз.
8.6.
Үй тапсырмасы (2 мин)
"Ашық бюджеттер" порталы жайлы слайд дайындау және egov.kz порталын қолданып қажетті құжаттардың бірін алу.