Білімділік:Студентерді жаттықпа сабақтар барысында менгеретін кәсіптік ептілікке үйрету.
Тәрбиелік: Студенттерді тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелей отырып білім беру.
Міндеттер:
Дамытушылық: Студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде орындау дағдыларын шыңдау. Студенттердің таным белсенділігін, ақпараттық мәдениетін арттыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
6.
Күтілетін нәтижелердің және (немесе) кәсіптік дағдылардың тізбесі
Ашық бюджеттер порталы. Ашық бюджеттер. Порталмен жұмыс жасау
Жаңа білім мен дағдыларды /кәсіби дағдыларды қалыптастыру/ (20 мин)
Жоспар:
Ашық бюджеттер порталы.
Ашық бюджеттер.
Порталмен жұмыс жасау
8.4.
Жаңа тақырыпты бекіту (7 мин)
"Ашық бюджеттер" порталы (budget.egov.kz) – "Ашық үкімет" жобасының компоненті, мөлдір бюджетті қалыптастыруды қамтамасыз ету және бюджет қаражатының шығысына қоғамдық бақылауды дамыту үшін құрылды.
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңына сәйкес» биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың мемлекеттік органдары мен мекемелері порталда бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастырады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және оларды іске асыру туралы есептерді жария талқылау жүргізіледі.
Түсініктемелер, ескертулер мен ұсыныстарды бюджетті жұмсау мәселелерінде мүдделі Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қалдыра алады.
Ашық бюджеттер – ҚР азаматтары үшін еркін қолжетімді электронды ақпараттық ресурстар. Олар машина оқи алатындай жарияланады және қолданушылардың ары қарай пайдалануларына арналған. «Ашық деректер» арнайы сервисінде ашық деректер мен ашық деректер бойынша сілтеме және түсіндірме ақпараттар орталықтандырылған бір жүйеде сақталады. «Ақпаратқа қол жеткізу» туралы ҚР Заңы мемлекеттік органдар мен өзге ақпарат иеленушілерді азаматтарға ашық ақпарат беруге міндеттеген. Ақпарат пайдаланушылар – ашық ақпаратты жүктеп алуға және өз қалауынша коммерциялық және коммерциялық емес мақсатта қолдануға құқылы жеке және заңды тұлғалар.
Порталмен жұмыс жасау.Басты бетте сызба түрінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бюджетті қалыптастыру процесін жоспарлау, бекіту және орындау кезеңдері, сондай-ақ, орналастырылған ақпарат бойынша статистика және Қазақстан Республикасының кірістері, шығыстары, кредиті және тапшылығы бойынша инфографика ұсынылған. Сонымен қатар, пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін мұнда порталда кездесетін анықтамалар мен терминдердің сипаттамасы келтірілген.
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпаратпен танысу үшін "бюджеттік бағдарламалар" қосымша бетіне басып тиісті бөлімшені таңдау қажет: "Жоба", "Бекітілген бағдарламалар" немесе "Іске асыру туралы есептер".Ашылған терезеде таңдалған санаттағы барлық қол жетімді құжаттар тізімі пайда болады, оларды орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бойынша сүзуге болады.Қызықтыратын бюджеттік бағдарлама бетіне өтіп сіз оның толық сипаттамасымен танысасыз, оның әрбір пункті түсініктеме үшін қол жетімді. Сондай-ақ, мұнда бастапқы құжатты Excel форматында жүктеуге болады.Түсініктеме беру үшін авторизация қажет, ол өз кезегінде eGov.kz электрондық үкімет порталында тіркеуді талап етеді. Бұл рәсімнің егжей-тегжейі электрондық үкімет порталының "Порталда алғаш рет" бөлімінде сипатталған.
"Материалдар" бөлімінде шоғырландырылған қаржылық есептілік, мемлекеттік органдардың бюджеттік есептілігі, және де мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпарат бойынша деректер жиналған.