(Ұ) 1- тапсырма «Тізбек» әдісімен орындалады.
А) Мәтінмен жұмыс. «Атқа міндім» өлеңін тізбектей дауыстап оқыңдар.
-Тағы бір қайтара іштей саналы түрде түсініп оқыңдар.
Ә) Автор туралы әңгіме:
Қастек Баянбай 1936 жылы Алматы
облысы Алакөл ауданы Талдыбұлақ ауы-
лында туған. «Балаларға базарлық»,
«Тәтті сабақ», «Асар» және т.б. өлең
жинақтарының авторы.
- Бір-біріңе сұрақ қойып, жауап беріңдер.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Өзіңнің немесе таныс-туыстарыңның атқа мінген сәтін есіңе түсіріп әңгімеле.
Сергіту сәтінде «Қаражорға» билейді.
(Ж, Д) 2-тапсырма-«Ашық микрофон» әдісі.
- Өлеңді қарасөзбен әңгімеле. Алғаш атқа мінген баланың сезімін ақын сөздерін қолдана отырып сипаттаңдар.
- Бір сәт атқа мініп, шауып келемін деп қиялдаңдар. Сезімдеріңді «шүу, жануар!» деген сөзбен және қимылмен көрсетіңдер.
- Берілген тақырыптар төңірегінде ой бөлісіңдер.
1. Атқа міну – өнер.
2. Атқа міну – спорттың түрі.
3. Атқа міну – ұлттық ойын.
|
- Мәтінді оқиды.
- Сұрақ қойып, жауап береді.
Билеп сергиді.
-Тапсырманы талқылап, өз пікірлерін білдіреді.
|
Дескриптор:
- Мәтінді тізбектей дауыстап оқиды-1балл.
- Автор туралы әңгімелейді -2балл.
Дескриптор:
- Өлеңді қарасөзбен әңгімелейді -2балл.
- Сезімдерін «шүу, жануар!» деген сөзбен және қимылмен көрсетеді-1балл.
- Берілген тақырыптар төңірегінде ой бөліседі-1балл.
|