2-тапсырма «Керемет пікірталас» Сынып оқушыларына «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауының нұсқасы таратылады, оқушылар нұсқаны оқып шығады. Толғауды оқып болған соң «Керемет пікірталас» әдісі арқылы бірінші жұппен «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауының мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қойып, пікір алмасады. Содан кейін бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әр топтан бір өкіл шығады. Әрқайсысы үстелдің үстіндегі бір қиманы таңдап алады. Топ мүшелерімен қима қағазда жазылған:«Күлдір- күлдір кісінетіп күреңді мінер ме екенбіз!?», «Күдеріден бау тағып, Қамқапты киер ме екеміз?!», «Төменде бидің кеңесін, Біз де бір құрар ма екеміз?!»жолдарының мағынасын ашып, «Толғаудағы көрініс тапқан ұлттық мүдде қандай?» деген сұраққа сыныппен жауап береді.
3-тапсырма. Оқушылар « Төрт сөйлем» әдісі арқылы ойларын жеткізіп айтады. Пікір. Ақтамберді жырау толғауларында қазақ жеріндегі заман бейнесін көрсете алған.
Қорытынды.......................................................................................................
4.Бекіту 4-тапсырма «https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/9-synyp/lesson/aqtamberdi-zhyrau-kuldir-kuldir-kisinetip-tolhauy» Білімленд сайтына кіріп «Күлдір – күлдір кісінетіп» толғауы бойынша өз біліміңді тексер.
Қабілеті жоғары оқушылар топ спикері болып сайланады, мұғалім спикерді өз тобындағы қабілеті орташа оқушыларға көмектесуге бағыттайды. 5.Салыстыру «Автор орындығы» әдісі Ақтамберді толғауының маңызын түсіндір.
Мен үшін маңызы ................................................................................................
Жастар үшін маңызы ...........................................................................................
Адамзат үшін маңызы .........................................................................................