Бейнебаянды көріп болғаннан кейін «Сұрақтар көшкіні» кестесіндегі аргументтерді жинақтап, топпен талдау жұмысын жүргізеді. Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
2.Қызығушылығын ояту 1-тапсырма «Жанды суреттер» Оқушылар үш топқа бөлінеді. Сынып қабырғаларына суреттер ілінеді. Оқушылар «Жанды суреттер» әдісі бойынша саяхатқа шығады.Суреттерді шығармамен байланыстыра салыстырып, толғаудың идеясы мен пафосын анықтайды.