Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:: 8.1А
Атомда электрондардың қозғалысы:
|
Мектеп: «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 жалпы білім
беретін мектебі»
|
Мұғалімнің аты-жөні: Едрес Т.Н.
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Күні:03.09.2021ж
|
Сынып: 8
|
Сабақтың тақырыбы
|
Атомда электрондардың таралуы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.1.3.1- атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: Атомда электрондар энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын біледі.
|
Оқушылардың көпшілігі: Атомдардағы электрондардың энергетикалық деңгейлер бойынша бөлшектердің таралуын ажыратып ,сипаттай алады.
|
Кейбір оқушылар: Атомда электрондардың энергетикалық деңгейінде орналасуын анықтайды.
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Білу, түсіну.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Атомдағы электрондардың энергетикалық деңгейлерде орналасуын біледі
Талқылауға арналған сұрақтар:
Атомдағы электрондардың ядродағы арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсінеді.
Электрон бұлттарының пішіндерін анықтау .
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: атом , ядро, протон, нейтрон, электрон, энергетикалық деңгейлер.
|
Бағалау критерийі
|
-атомда электрондардың энергетикалық деңгейде орналасуын біледі;
-атомда электрондардың ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын біледі;
-атомда электрондардың энергетикалық деңгей, деңгейшелерге орналасуын анықтайды.
|
Құндылықтарға баулу
|
Оқушының бойында зерттеушілік, инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, ынтымақтастыққа баулу, ұлттық құндылықтарды құрметтеу, адамгершілік қасиеттерді дамыту.
|
Пəнаралық байланыс
|
химия, физика
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Химия «7 сынып» «Атом мен молекулалар. Жай және күрделі заттар»
|
|