Барлық оқушылар: Атом - заттың ең кіші бөлшегі екендігін түсінеді, молекула – заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі екендігін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Атомдар мен молекуланың қасиеттерін оқи отырып айырмашылығын ажыратады, мысалдар келтіреді.
Кейбір оқушылар: Атом мен молекула құрамын түсіндіріп, оны практикада қолдана алады.
Бағалау критерийі
Атом – заттың бөлінбейтін ең кіші бөлшегі, ал молекула – заттың бөлінетін кіші бөлшегі екенін біледі, қарапайым заттардың модельдерін құрастыра алады.
Атомдар мен молекулалардың қасиеттері арқылы, олардың айырмашылығын ажыратып, жай және күрделі заттарды анықтай біледі.