3. Жаңа тақырыптың мағынасын ашу мақсатындағы «Атом деген не?» сұраққа жауап ретіндегі бейнебаянды көрсетемін.Оқушылар бейнебаян мазмұны бойынша топтар бір-біріне сұрақтар дайындайды.
4. «Джигсо» әдісін пайдаланып, оқулықпен жұмыс жүргіземін.
5. Төрт топқа « Топтық тұжырымдама» әдісімен тақырыптық тапсырмалар беремін.
Ауызша кері байланыс арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.
І топ тапсырмасы: Семантикалық карта « Атом. Молекула»
Дескриптор: - атом мен молекула қасиеттерін шатастырады;
- атом мен молекуланың қасиеттерін жақсы біледі;
- атом мен молекуланың айырмашылығын түсіндіре алады;
ІІ топ тапсырмасы: Семантикалық карта « Жай зат, күрделі зат»
Зат түрлері
Жай зат
Күрделі зат
Күкірт
Қант
Оттегі
Ас тұзы
Сутегі
Су
Мыс
Ас содасы
Дескриптор: - жай зат пен күрделі затты ажырата алады
Жай зат пен күрделі затты ажырата алмайды
Жай зат пен күрделі заттың айырмашылығын түсіндіре алады
ІІІ топ тапсырмасы: Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз
А) Су.....сутек пен оттектің......түзілген
Ә) Құрамында қант....болуына байланысты тосаптың дәмі тәтті болады.
Б) Көмірқышқыл газының....көміртек және оттек...тұрады.
В) Қант суда ерігенде оның......су......арасында біркелкі таралады.
Дескриптор:
Атом мен молекула ұғымдарын ажырата алады.
Атом мен молекула ұғымдарын практикада қолдана алады
Атом мен молекула ұғымдарын ажырата алмайды.
IV тапсырмасы:мына таңбаларды оқы:
5Н, 3Н2, О2, СО2, NaClас тұзы, 2Н2О, N2 азот Дескриптор:
Формуларды химиялық тілмен сауатты оқи алады
Формуларды оқуда молекулалар мен атомдарды шатастырады
6. Сергіту сәті: «Атом, молекула» ойыны. Ойын көмегімен оқушыларды жұпқа біріктіру. 7. Жұптық жұмыс. «Модельдеу» әдісімен жұптық тапсырма беремін: Ермексаздар және таяқшалар көмегімен берілген молекулалардың модельдерін құрастырыңдар:
I қатардағы жұптарға – көмірқышқыл газы, оттек молекуласы
II қатардағы жұптарға – су молекуласы, сутек молекуласы
III қатардағы жұптарға – темір сульфиді молекуласы, күкіртті газ молекуласы
Дескриптор:
Оқушылар молекулалардың құрамын анықтай алады
Жай заттардың молекулаларының моделін құрастыра алады
Күрделі заттар молекулаларының моделін құрастырып түсіндіреді
8. Қорытынды. «Сұрақ-жауап » әдісімен сабақтағы тірек сөздер, анықтамалар жауаптары сұралады, интербелсенді тақтадан соңғы қорытынды тұжырымдама көрсетіледі.
Электрон З ат Молекула Атом Ядро Протон Нейтрон
Атом дегеніміз – химиялық жолмен заттың ең ұзақ бөлшегі;
Молекула дегеніміз – заттың қасиеттерін бойына жинаған оның ең кіші бөлшегі;
Айырмашылығы – атом ең кішісі, молекула атомнан үлкені. Атомда белгілі бір қасиеттер болмайды, ал молекулада заттың химиялық, физикалық қасиеттері жиналады
9. Кері байланыс. Тақтаға алтын, күміс, мыс түстес А – 4 парағын іліп, оқушылар тақырыпты меңгергені туралы пікірлерін бағалы металдар тұстарына стикерлермен жапсырады