Сабақтың тақырыбы: «Ауылымның тарихы тұнған шежіре»



бет2/2
Дата07.09.2023
өлшемі310,77 Kb.
#106598
түріСабақ
1   2
Байланысты:
02,3,05,23ж

Сабақты қорытындылау:
- Балалар адамға не себепті туған жерінің тарихын білу маңызды ?
- Біздің ауылымыз қай жылы құрылған ?
- Көксарай ауылдық округі құрамындағы елді мекендерді атаңыздар ?


Үйге тапсырма: «Ауылымның тарихы – тұнған шежіре» тақырыбында эссе жазу.


Күні: 03.05.2023ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің әулетімнің тарихы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқындағы әулеттің, отбасының алатын орнын түсіндіру, «Жеті ата» ұғымын жіті түсіндіру, балалардың өзінің кім екенін,ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білгізу,ұрпаққа шежіре үйрету.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: Карталар, суреттер, портрет.





Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп,сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ:
Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға осы ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз еген мақсатта ұйымдастырылған «Туысым—түп тамырым, қазығым» деген сабағымызды бастаймыз. Ешкім де туысқан- туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да адамнан шығып, адамнан тараған, ал адам да сол көп жапырағы бар бұтақ пен көп тамырлары бар ағашқа ұқсайды. Туған-туыс дегеніміз де сол бір түбірден өсіп шыққан ағаштың бұтақтары тәрізді. Адамның көрген тәрбиесі, алған нәрі, бұрынғыдан қалған мирас-мұрасы, бәрі-бәрі алпыс екі тамыр арқылы тұла бойға тараған қаны бір түп ағаш тәрізді.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын-туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел- жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек.
Елбасының сөзімен айтсақ,… демек, баланың өзінің шыққан тегін білуі — оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады екен.
«Жеті атасын білмеген — жетесіз» деген немесе «Жылқы жеті тегіне тартып туады» деп, халық адамның да арғы тегіне тартып туатынын айқындап, «біреу әкеге тартып туады, біреу әкеден артық туады» деп ұрпағының «артып туғанын» тілеген. Жеті ата: 1.Бала 2.Әке 3.Ата 4.Арғы ата 5.Баба 6.Түп ата 7.Тек ата (ата-тек деген сөз осыдан шыққан)
Жердің жүзі мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ 7 санында сиқырлы күш бар деп санаса, киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабамыз 7 санын қастерлеп, бірқатар таным түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерді жеті санымен атайды. Алла Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.
Қазақ халқының жеті ата шежіресі дегеніміз – халқымыздың әрбір отбасында атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, берік орнығып, заңдылыққа, халықтық тәрбие құралына айналған ізгі іс-әрекеттер, тәлім-тәрбиелік қағидалар, жалпыға ортақ әдептілік, инабаттылық нормалар жиынтығы. Алланың бұйрығымен өмір сүріп, жеті атасын білуі – бір бас бидайдан 7 сабақ шығарып, 700 дән бергенмен бірдей.
Сабақты қорытындылау:
- Мемлекет алдында Отбасының ролі қандай ?
- Не себепті әр адам өз әулетін мақтан тұтады ?
- «Жеті ата» дегеніміз не екен ?


Үйге тапсырма: «Менің әулетімнің тарихы» тақырыбында шығарма жазу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет