5.3 Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
8.5.3.3 - қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын орналастыру факторларын талдайды
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар ауылшаруашылық саласын орналастыру факторларымен танысып, талдайды
Көпшілік оқушылар үшін: Білім алушылар өнеркәсіп саласын орналастыру факторларымен танысып, талдайды.
Кейбір оқушылар үшін: Білім алушылар қызмет көрсету саласын орналастыру факторларымен танысып, талдайды.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі:Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
1.Өндірісті орналастыруда ғылымға негізделген фактор басым болатын шаруашылық салаларын ата?
2.Энергия және суды көп қажет ететін өнеркәсіп салаларына не жатады?
3. Қызмет көрсету саласын орналастыруда көлік жүйесінің ықпалы қандай?