Сабақтың басы
2-3минут
|
Спорттың адамды тәрбиелеудегі педагогикалық маңызы өте зор. Оқушылармен сәлемесу, бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаттары және жетістік өлшемімен таныстыру. Адам спортын тәрбиелеуде үлкен педагогикалық маңызы бар Сабақта жаттығу кезінде оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Сергіту сәті: «Бірлік» ойыны. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Бірлік» ойынын ойнайды. (Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады.
Оқушылар бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткендеріне дейін жалғасады. ) Орында (оңға, солға, кері) бұрылу.
Оқушылардың жүрек соғысын көтеру үшін қолды жоғары көтеріп аяқ ұшымен, қолды белге қойып өкшемен жүру, алаң шетімен жүгіру және дене қыздыру жаттығуларын жасау.
Жалпы физикалық дайындық (ЖФД) кешенін даярлау кезінде бұлшықеттің түрлі топтарына көңіл аударған жөн, оқушылардың өзінің қалай сезініп тұрғанын қадағалау.
Сұраңыз: Ұсынылған кешен қалайша мақсатқа жеткізді? «Мадақтау»шапалақпен
Оқушылардың сабақтың тақырыбын, оқыту мақсатын, сабақтың мақсатын қаншалықты түсінгендігін
«Бас бармақ» әдісін қолдану, соны көтеру арқылы сабақ мақсаттарын қаншалықты түсінгенін анықтау: (Суретке қара). Спорт ілімі спорттық қызметтің негізгі заңдылықтары жөніндегі сенімді ғылыми білім жүйесін көрсетеді. Спорттық қызметтің көптеген төмендегі түрлері бар: жарыстық қызмет, спорттық дайындық, спорттық іріктеу, материалдық және ақпараттық қамтамасыздандыру жүйесі, жарыстағы төрешілік ету, спортқа бар жанымен берілу.
|
Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Оқу-әдістемелік құралы:
Құралдың балама түрлері
Имек таяқ талдаң және доп жүннен иірілген
|
Сабақтың ортасы
30-35 минут
|
«Қақпа доп» ойыны. (ұлқ-ыздар). Ойынға қатынасушылар жазық алаңға жиылып келіп үлкен дөңгелек шеңбер сызады да, дәл ортасынан тереңдігі 10 сантиметрдей шұңқыр қазады. Бұл қазан шұңқыр. Шеңбер сызық пен шұңқырдың аралығы жарты метрдей болуға тиіс. Ойынды бес-алты ойыншы ойнай береді. Әр ойыншы өзіне ұзындығы бір жарым метрге жуық, ұшы қайқылау таяқ әзірлейді. Үлкендігі орташа доп пайдаланылады. Ойынды жүргізушілер қазан шұңқырдың сыртындағы шеңбердің бойымен аралығы 2—2, 5 метрдей қашықтықта өздеріне кішкене ұя қазады да, таяқтарының ұшын соған тіреп тұрады. Жеребе бойынша бір ойыншы доп ойнаушы болады. Ол допты қазан шұңқырға түсіруге айла іздейді. Басқалар қазанды қорғайды және өзінің ұясын доп айдаушыға алдырмауға тырысады.
Егер айдаушы допты қазанға түсіретін болса, басқа ойыншылар орындарын жылдам ауыстыруы керек. Осы қарбаласта доп ойнаушы біреуінің ұясын иеленіп алуға тиіс. Ұясыз қалған ойыншы доп айдаушы болады
|