Оқушылар жоғары нәтижеге жеткен сайын, тек денесін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық , ақыл-ой, еңбек, отан сүйгіштік тәрбиелерін де алады.
Оқушылармен сәлемдесу, бүгінгі сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен, сабақ мақсатыменжәне жетістік өлшемімен таныстыру.
Сабақ барысында дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Оқушылардың сабақтың тақырыбын, оқыту мақсатын, сабақтың мақсатын қаншалықты түсінгендігін сұрау.
Сергіту сәті: «Бірлік» ойыны. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Бірлік» ойынын ойнайды. (Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Оқушылар бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткендеріне дейін жалғасады. ) Орында (оңға, солға, кері) бұрылу. Оқушылардың жүрек соғысын көтеру үшін қолды жоғары көтеріп аяқ ұшымен, қолды белге қойып өкшемен жүру, алаң шетімен жүгіру және дене қыздыру жаттығуларын жасау. Жалпы физикалық дайындық кешенін (ЖФД) даярлау кезінде бұлшықеттің түрлі топтарына көңіл аударған жөн, оқушылардың өзінің қалай сезініп тұрғанын қадағалау.
Сұраңыз: Ұсынылған кешен қалайша мақсатқа жеткізді?«Мадақтау»Дене қыздырыну жаттығуларын өткізу оқушы ағзасын келесі жүктемеге дайындау. Жалпы дамыту жаттығуларын жасау.
Негізгі бөлім
Жарыс болатын күн: керекті персоналдың қатысуын тексеру, маңдайша жазуларды қондыру, жабдықтарды тексеру, қазылар алқасын ұйымдастыру, қатысушыларды тіркеу, қонақтар мен көрермендерді қарсы алу.
Сұраңыз: Сіз ойыншыларды деңгейімен бөліп тастайсыз ба? Жарыс өткізу үшін қандай жабдықтар міндетті түрде керек? Жарыс өтетін күні басқа тапсырмалар мен процедуралар қалай өтеді?
Үлкен бос кеңістік салмақты доп, ысқырық, секундомер, асықтар.