Саралау барысында оқушылардың деігейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар беру. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға ауызша мадақтап, қошемет көрсету. Жоғары деңгейлі білім алушылармен енді дамып келе жатқан оқушыларды араласытрып тәжірибе алмастыру. Енді дамып келе жатқан оқушылардың ішкі уәжін көтеріп отыру. Қабілеті жоғары оқушыларды төрешілікке және ойын басқаруға тарту. Әр оқушының қажеттілігіне қарай тапсырма беріп жұмыс жасату.
|
Бас бармақ әдісі – оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің тағы бір жылдам тәсілдерінің бірі. Осы тәсілді бағдаршам қолданған секілді жағдайларда пайданалануға болады.
Оқушылар:
Толықтай түсінсе , сенімді болса бас бармағын жоғары көтереді.
Түсінуге жақын болса, аздап білсе, бас бармағын ортада ұстайды.
Егер түсінбесе , сенімсіз болса , бас бармағын төмен түсіреді
|
Білім алушылар сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды. (Секіру, лақтыру, жүгіру кезінде оқиғалардың болмауын қадағалау. Ойын ойнау кезінде кезектілікті сақтауға , бір-бірін итеріп жарақаттанудан сақтану. Жаттығу немесе тапсырма кезінде ауыр күш түсуінен сақтану. Дұрыс тыныс алуын қадағалау.
|