Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Адамның табиғи қозғалысы жүгіру Сабақтың оқу мақсаты



бет50/317
Дата31.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#22461
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   317
Байланысты:
11 ҚМЖсб.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.






Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

арқылы өзара әрекеттесу.



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Топтық динамиканы және көшбасшылық түсіну. .

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11. 1. 3. 3. Арнайы спорттық техникаларды дамыту жүйелі қозғалыс тіркесінің дағдысын және бірізділігін құру, түрлендіру және бағалау

Сабақ мақсаттары

Сабақ барысында оқушыларды жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдыларын көрсете білуге үйрету.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар сабақ барысында жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдыларын көрсете алады.

Тілдік мақсаттар


Пән лексикасы және терминология:

Топтық ойын ойнауға қажетті дағдыларды талқылайды және көрсете алады. Мыналарды қамтиды:



  • қабылдау, беріс

  • соққы, дәлдік, пас, затты біреуге беру

  • шабуыл, қорғаныс

  • тактика, техника, стратегия, шешім

  • қауіпсіздік, ойын ережесі

  • қорғаушы, шабуылшы, ойыншы, дәнекер

  • ойын комбинациясы

Құндылықтарға баулу

Көшбасшылық қасиеттері, жеке жауапкершілік.

Пәнаралық

байланыстар

Дене және денсаулық ғылымдарымен байланыс - қауіпсіздік, салмақ/ағым динамикасы. Информатика (интернеттен ақпарат іздеу), математика (кеңістік, бағыт және бұрыш), биология (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физика (жылдамдық, салмақ, энергия), психология (шағын топтарда жұмыс жасау) пәндерімен байланыс.

Кілттік

дағдыларды дамыту

Оқушылар сабақ барысында, командалық және спорттық ойындарды өткізген кезде, бір бірін бағалағанда, қателіктерін түзегенде, ақыл-кеңес бергенде коммуникативтік дағдыларын дамытады.

Алдын ала білімі

Оқушылар алдыңғы сыныптарда және сыныптан тыс уақытта спорт ойындарын, топта жұмыс істей алу дағдысын үйренді.




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


6 минут

Сабақтың ортасы


Сабақтың соңы

5 минут


Мұғалім оқушылармен амандасады.

Содан кейін ол оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады:



  • Тапсырманы жақсарту үшін қандай стратегия жасап шығаруға болады?

  • Ойын тактикасын қалайша тиімдірек қылуға болады?

  • Негізгі ойыншы қандай қасиеттерге ие болу керек?

  • Шабуылдан кейін кім бірінші болып қорғаушы әрекеттер жасайды?

Мұғалім оқушылармен бірлесіп сабақ тақырыбын шығарады «Жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдылары».

Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады. Жетістік критерийлері мен оқу мақсаттары құрылып болған соң

мұғалім оқушылар арасынан көшбасшыны таңдап оған қозғалыста ЖДДЖ (жалпы дене дайындық жаттығулары) және бір орында АФЖ (арнайы физикалық жаттығулары) өткізуге ұсынады.
Дайындық жаттығуларын орындап болған соң мұғалім оқушыларға презентацияны көруге ұсынады.

Презентацияны тамашалап болған соң мұғалім оқушыларға ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады.

Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады.

Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі де волейбол ойынынан кіші чемпионат өткізеді. Жарыс кезінде оқушылар әртүрлі ойын комбинацияларын қолданады.

Тапсырманың дескрипторлары:

- ҚТ ережелерін сақтайды;

- мұғалімнің белгілері мен нұсқаулықтарына мұқият көңіл аударады;

- ойын ережелерін бұзбайды.

Сұраңыз: Бұл жарыс қандай құндылықтарды дамытады?

Жарысты өткізген соң әр топқа тапсырмалары бар қима қағаздарды таратады. Оқушылар тапсырмаларды орындайды.

Мұғалім оқушыларға ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады.

Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады.

Ресми ережелері бойынша волейбол оқу-жаттығу ойыны. Ойын барысында оқушылар әртүрлі ойын комбинацияларын қолданады.

Тапсырманың дескрипторлары: - ҚТ ережелерін сақтайды; - ойыншылар ойын кеңістігінде бағдар жасай алады; - ойынының ережелерін бұзбайды.



Сұраңыз: Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Рефлексия. Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:



  • нені білдім

  • неге үйрендім

  • не түсініксіз болып қалды

  • тағы немен жұмыс істеу қажет

Оқушылар стикерлерге жаңадан алған ақпаратты жазып өз пікірлерін білдіріп мүғалімге тапсырады.


Үлкен бос кеңістік.

Тапсырмалары бар қима-қағаздар.



Стикерлер, маркерлер, қаламсаптар.

Дифференциалды оқыту: - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? -кабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет