Жалпы психология курсы бойынша электронды слайд



Дата12.11.2022
өлшемі439,89 Kb.
#49572
Байланысты:
5.1 практика Елтай П


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Тарих және Педагогика факультеті
Ғылыми ақпараттарды іздеу,жинау және өңдеу
Орындаған: Елтай П
Ақпараттық жүйелерді жасау және оларды қолдану ғылым мен техниканың жетістіктері
көпшілікке жеткізу үшін өте қажет.Ғылыми ақпараттардың көздері ретінде
Әдебиеттер
Мерзімді басылымдар
Кітапхана қорлары
ЭЕМ
Байланыс құралдары және т.б жатады .

Ақпараттық өнімдерді жинақтау, олардың базасын жасау қағазсыз информатикаға көшумен байланысты. ЭЕМ қолдану ақпараттардың көп мөлшерін сақтау, оларды дер кезінде тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз етті.


Ақпараттар қоры
Библиография
Библиографиялық қор жарияланған еңбектер туралы ақпараттарды жинайды.
Фактография Ал фактографиялық қорда осы жарияланған еңбектердің өздері сақталады. 
Ақпараттық қорлар салалық, политақырыптық, құжаттардың түрлеріне байланысты – патент, диссертация т.б. Болуы мүмкін. Мұндай қорлар әр саладығы ғылыми зерттеу институтарында, ақпараттық органдарда жасалады.
Ақпараттық өнімдерді жасау үшін оларды алатын технология қажет. Технологиялардың негізін қолданбалы бағдарламалардың пакеттері – ППП- құрайды.
Информациялық өнімдерді жасау үшін техникалық жабдықтар, ақпарат базасы және ППП қажет. Тұтынушылар ақпарат қорын пайдалану үшін ақпараттар жүйесін пайдаланады. Байланыс құралдары мен ЭЕМ жетілдіру арқылы оларды тұтас бір ақпарат инфрақұрылымына айналдыруға болады- интернет.
Ақпарат ресурстарының құрылымдық бірлігі ретінде ғылыми құжат есептеледі, ол ғылыми-техникалық ақпаратты сақтайтын материалдық объект.
Ақпарат беру тәсілі бойынша
Мәтіндік- кітап-журнал- құжжаттар
Диаграммалар
Графикалық –сызба
Аудиобейнелік-дыбыс
Машинаоқитын – микрофотожазғыштар. 
Кино-бейнежазбалар
ҒЗА – ғылыми-зерттеу ақпараттары – тез жету үшін периодты түрде шығатын басылымдар бар. Газет, журналдар, рефераттық басылымдар, ҒЗ жинақтар, стандарттар, патенттік құжаттар.
Құжаттар
Бірінші
Бірінші жарияланбаған құжаттар керек мөлшерде көбейтіле алады. Оларға ҒЗ есептері, диссертациялар, депоненттегі қолжазбалар, ғылыми аудармалар, конструкторлық құжаттар, конференциялар туралы хабарламалар жатады.
Екінші
Екінші құжаттармен басылымдарға анықтамалар, шолулар, реферативтік және библиографиялық жатады.
Құжаттардың қорларын тәртіпке келтіру үшін кітапханалық-библиографиялық классификация қолданылады. Әлемде ең көп тараған ӘОК (УДК) - әмбебап ондық классификация, көп елдерде қолданылады. ӘОК арқылы ақпаратты тез тауып алуға болады. Негізгі таблица 10 кластан тұрады – оларға ғылымның әр салалары бекітілген. Әр класс ары қарай 10 бөлімге, ол бөлімдер ары қарай 10 бөлімшелерге бөлінеді.
Шет елдерден келетін ақпарат РПТНБ – республикалық патенттік-техникалық ғылыми кітапхана арқылы таралады. КазГОСИНТИ – мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттар институты ақпараттарды көп таратады, оның аймақтарда бөлімдері бар.
Ғылыми ақпарат көздерімен танысу үшін анықтамалық басылымдардан бастау керек. Керек мәліметтерді кітапхана каталогтарынан табуға да болады. Алфавиттік каталог, жүйелік каталог ғылым салалары бойынша кітаптарды табуға көмектеседі.
Патенттік ақпараттар құқықтық және ғылыми-техникалық негізге ие. Патенттану жаңалықтар мен өнертапқыштықтықты қорғау үшін қажет. Авторлық құқық заңмен қорғалады. Өнеркәсіптегі қолданылатын ой еңбегінің нәтижесі өнеркәсіп жекеменшігі деп аталады. Олар жаңалық, өнертапқыштық, пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер және фирмалық атаулар деп бөлінеді. Өнеркәсіп жекеменшігін қорғау үшін Ұлттық патенттік орталыққа өтініш береді.
Патенттік құжаттарда әртүрлі елдердің ресми органдары жаңалықтар мен өнертабыстар туралы мәліметтер жариялайды. Патенттік қорларда ақпараттарды іздеу үшін өнертапқыштықты жіктеу жүйесін білу қажет. Халықаралық жіктеу жүйесі 1954 ж. жасалды.
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу үшін орынды дайындау маңызды. Оқу, оқығанды есте сақтау, белгілеу, конспектілеу, реферат жазу, ғылыми шолу жазу әдістері маңызды.
Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет