Басы
0-2 минут
5-8 минут
Сабақтың ортасы
|
Ұйымдастырушылық кезең. Oқушылapды сапқа тұpғызу сәлeмдeсу, түгeндeу. Оқушылармен бірге оқу мақсатына сәйкес бағалау критериін анықтау.
Қозғалмалы ойын. Әр бұрыштың екі адым жерге фишкаларды орнатамыз. Оқушылар залдың қабырғасына қарай оң жақ ыйықпен тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша балалар сағат тіліне қарсы бағытпен фишканың сыртымен жүгіреді. Ойынның мақсаты арттағы оқушыдан қашып, алдыңғы оқушыны
қуып жету. Ұсталынған оқушылар басқа оқушыларға бөгет жасамай залдың ортасында жиналады. Ойында төзімді оқушылар жеңіске жетеді.
Ойыннан кейін оқушылар музыка әуенімен «Стричинг» жаттығуын орындайды.
1. Акробатикалық жаттығуларының техникалық тұрғыдағы элементін қайталау, қателіктерді көрсетіп оның жою жолдарын қарастыру.
2. Оқушыларды топқа бөлу. Ұсынылған фото суреттерге байланысты акробатикалық комбинациялардың элементін жасау.
Қыздар:қарлығаш бейнесін жасау арқылыбір аяқпентепе – теңдікті сақтау, алдыға екі рет домалау, жауырынға тұру, көпірше жасау, оң жаққа немесе сол жаққа бұрылып бір аяққа тіземен тұрып жартылай шпагатқа отыру, қолды сермей отырып жоғарыға секіру.
Ұлдар: қарлығаш бейнесін жасау арқылыбір аяқпентепе – теңдікті сақтау, алдыға екі рет домалау, жауырынға тұру, артқа аунау, көпірше жасау, басқа тұру, оң жаққа немесе сол жаққа бұрылып бір аяққа тіземен тұрып жартылай шпагатқа отыру, қолды сермей отырып жоғарыға секіру.
Әр топтың оқушылары акробатикалық комбинациялардың жиынтығын орындайды. Басқа топтың оқушылары тапсырманың дұрыс орындалуына байланысты бағалайды.
Оқушылар бірін – бірі бағалап болғаннан кейін комбинацианың дұрыс орындалуына арналған бейне жазба ұсынылады.
Дескрипторлар:
Оқушылар:
- акробатикалық жаттығуларды орындау барысында қауіпсіздік ережені сақтайды;
- техникалық тұрғыда гимнастикалық жаттығуларды орындай алады;
- гимнастикаға арналған термин сөздерді түсінеді және талқылау барысында қолданады.
|
Үлкен кеністік, ысқырауық.
Гимнастикалық төсеніш.
http://spo. 1september. ru/article. php?ID=200701413
Гимнастикалық төсеніш.
|