Сабақтың басы
10 минут
|
Мұғалім оқушылармен амандасады.
Қауіпсіздік ережесін қайталайды.
Оқушыларға кіріспе сұрақтар қойып сабақ тақырыбымен, оқытудың мақсаттары және дескрипторларымен таныстыру
Жаттығу жүрісі: аяқтың ішкі жағында, аяқтың сыртында, аяқтың ішкі жағында.
Жүгіру жаттығу: 3 - 5 мин.
Жалпы дамыту, сабақта берілетін жүктемеге бұлшық еттерді дайындау
|
Үлкен бос кеңістік
Ноутбук, проектор.
Конустар .
Мұғалімге ысқырғыш.
№1Карточка
«Волейбол доптарымен жаттығулар кешені»
|
Негізгі бөлім
25 минут
|
«Үйлестіруші» ойыншының міндеттерін үйренеді және орындайды
«Үйлестіруші» ойыншысының алдыңғы және артқы алаңдардағы міндеті
«Үйлестіруші»ойыншы алдыңғы аймақта ойнаған кезде:
Допты ойынға қосқаннан кейін әрдайым 2 аймақта орналасады. Доп қарсылас аймаққа өткеннен кейін торға жақындап шабуылдаушынын барлық қимылына тосқауыл жасайды. Доп қарсылас тарапынан соққы болмаған жағдайда өзі әріптестеріне қарап қомандаластарының шабуылдауна пас береді. Үйлестіруші өзіне пастың дұрыс берілмегенін көрген жағдайда допты ойын аяқтаушыға береді. Ойын барысында қарсыласты мұқият зерделеп және оның тактикасы мен осал позицияларды анықтау керек. Қарсылас командасының бос кеңістігін көргеннен кейін, ол оның артықшылығын пайдаланып, өзінін командасына ұпай әкелуі тиіс. Қарсыластар тордың ортасына шабуыл жасаған кезде бірінші аймақтағы ойыншы бір ғана тосқауыл қойса, үйлестіруші оның аймағын қорғап, допты 2-ші аймаққа лақтырады. Үйлестіруші допты бірінші шабуылшыға да, ойын аяқтаушыға да дәл жеткізу тиіс. Үйлестіруші допты дәл беру кезінде үнемі бірінші шабуылшыға шабуыл жасауға жағдай туғызады.
|