Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс


Ортасы Бірлескен іс қимыл тәжірибесін жүзеге асыру



бет127/170
Дата25.11.2023
өлшемі5,12 Mb.
#127608
түріСабақ
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   170
Ортасы

Бірлескен іс қимыл тәжірибесін жүзеге асыру
Қимыл-қозғалыс ойындары
«Күндіз-түні доппен» ойыны
Ойыншылар екі қатарға бір-біріне арқаларын қарата зал ішіне көлденең тұрады, олардың қолында баскетбол добы болады. «Түн» командасы берілген кезде аталған команда «өз үйлерінің сызығынан» допты алып жүріп тезірек шығып кетуге тырысады. «Күндіз» деп аталатын басқа команда допты алып жүру арқылы оларды қуып ұстауға ұмтылады. Ойыншы бос қолымен алдындағы жүгіріп бара жатқан адамға үйінің шет жағына дейін қуып, допты тигізуге тырысады. Бұдан соң барлығы ортадағы сызыққа оралады, бір-біріне қарама-қарсы 2 метрлік арақашықтықта тұрып алып, қолға түскендерді есептейді.
Осы ретпен ойын тағы да қайталанады.
Допты теңестірген ойыншы доп тиген болып есептелінеді. «Үйдің» шетінде допты тигізуге болмайды

«Доп үшін күрес».
Баскетбол алаңының жартысында бес адамнан тұратын екі команда ойнайды. Ойын айып добын лақтыру алаңынан басталады. Допты алған ойыншылар бір-біріне бере отырып ойынды бастайды, ал қарсыластар допты қағып алып, олар да бір-біріне лақтыру керек. 5,8,10 лақтыруларды қатарынан жасаған командаға ұпай беріледі. Сонан соң ойын қайта басталады. Белгіленген уақытта көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Жаңа әзірде ғана допты қабылдап алған адамға қайтадан допты беруге тыйым салынады.


Оқушыларң тұрып қалмай, дұрыс жасауды көрсетеді Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, достарының көмегімен ережелерді көрсетеді.
Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сыныптасының көмегімен жасау.

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»

Бағалау парақшасын толтырады.


ҚБ Бағдаршам



Қауіпсіздік ережелері сілтеме
https://www.youtube.com/watch?v=jHIONPeIMLE

https://www.youtube.com/watch?v=mw3KtvGY8-o





Сабақтыңсоңы



Кері байланыс
Жеке жұмысты тексеру арқылы оқушыларға кері байланыс беру және бағалау. Бағалау қалыптастырушы бағалаудағы жетістік критреийі бойынша бағаланады. Кері байланыс жеке оқушыларға ауызша не жазбаша түрде беріледі.


Рефлекция ( бүгінгі сабақты қаншалықты өзіне сенімді түрде түсінгенін тақтада тұрған екі парақшаның біреуіне аты жазылған карточкаларды ілуі керек)

Сенімдімін!!!

Сенімсізбін???



Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет