Эстафеталар, біріккен ойындар барысында әр-түрлі жаттығулар жинағын орындау, қимыл-қозғалыс дамуына ықпал ететін қарапайым жаттығуларды белсенді орындау.
Бағалау критерииі
Дене жаттығуларын орындау барысында туындаған қиындықтарды анықтайды.
Дене жаттығуларын орындау барысында туындайтын тәуекелдерді атайды.
Қиындықтар мен тәуекелдердің алдын алу жолдарын ұсынады.
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Уақытты жоспарлау:
Дайындық бөлім: 8-10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.
Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.
Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар.
Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.
Ысқырық, секундомер, плакат, түрлі түсті маркерлер
Ортасы
«Шырша бүршіктері, емен жаңғақтары, жаңғақтар»
Ойыншылар шеңбер жасайды. Шеңбердің ортасында жүргізуші тұрады, ал қалғандары үшке бөлініп, бір-біріне беттерімен қарап ортаға тұрады (бірінші нөмір — жүргізушіден үш-төрт қадамда). Жетекші (оқушы болуы да мүмкін) барлық ойыншыларға атауларды береді: бірінші үштік «шырша бүршіктері», екіншісі «емен жаңғақтары», үшіншісі «жаңғақтар». Белгі бойынша жүргізуші дауыстап атауларын атай бастайды, мысалы: «Жаңғақтар». «Жаңғақ» деп аталған барлық ойыншылар орындарын ауыстырулары қажет, ал жүргізуші бос қалған орынға жүгіреді. Егер бұл ойы жүзеге асса, онда орынсыз қалған ойыншы жүргізушіге айналады. Егер жүргізуші «Емен жаңғақтары» десе, үштікте тұрғандар екінші болып, «Шырша бүршіктері» десе, үштікте тұрғандар бірінші болып ауысады. Ойын меңгерілгеннен соң, жүргізушіге үштіктен екі немесе тіпті үш ойыншыны шақыруға болады, мысалы: «емен жаңғақтары, жаңғақтар». Шақырылғандар да орындарын ауыстырады.
«Альпинисттер». «Альпинисттердің» екі тобы сап түзеп, гимнастикалық қабырғаға қарап, одан 6-7 м аралықта тұрады. Бірінші ойыншылар мен гимнастикалық қабырға арасында білте тақтайшасы жоғары төңкерілген гимнастикалық орындықтар орнатылады. Қабырғаның шеткі аралығында гимнастикалық төсеніштер қойылады. Мұғалімнің сигналы бойынша бірінші ойыншылар гимнастикалық орындықтың білте тақтайшасы бойынша жылжи бастайды, гимнастикалық қабырғаға өтеді, оған мінеді, шеткі аралыққа дейін қабырға бойынша жылжиды және төмен түседі. Мұғалім қабырғада өрдің биіктігін алдын ала көрсетеді (кішкене лентамен, жалаушамен белгілейді). Гимнастикалық қабырғадан түскен кезде ойыншы төсеніште бормен белгіленген диаметрі 40 см шеңбер ішіндегі 70-75 см биіктікте орналасқан білте тақтайшадан секіре алады. Жерге түскен соң ойыншы сапта соңғы болып тұрады. Екінші ойыншылар алдыңғы «альпинист» жерге түскен соң бірден гимнастикалық орындық бойынша жылжи бастайды.
Әр топ өзіне берілген тапсырманы ғаламтордан іздеп, тауып басқа топтармен бөліседі. Сынып қандай ойынды ойнау керек екендігін таңдайды. Мұғалім мүмкіндіктерге байланысты оқушыларға ойынның күрделі болуын қарастырады. Барлық ойындар конустар арқылы ойнатылуы керек. Егер ойынға басқа құрал-жабдықтар керек болса, онда қосымша нұсқалар қарастырады. Дескрипторлар: ұсынылған ойын барлығына тән, күрделенген және қауіпсіздік ережелері сақталу керек.
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау
Доптар: түрлі мөлшер, текстура, түс, салмақ, т.б.
Доптар (түрлі мөлшерлі). Нысана ретінде түрлі қайта өңделе алатын заттар қолданыла алады: пластикалық саптаяқ / шөлмектер, картон туба / жәшіктер.
Сабақтыңсоңы
Қалыптастырушы бағалау. «Социаграмма» әдісі: Тапсырма: оқушылар сабақтан қаншалықты дәрежеде тың мәліметтерді алғанын шәкіл тұсына белгілейді. Кері байланыс
Оқушылар сабақта алған білімдерін қорытындылау үшін «Білемін, білгім келеді, үйрендім» (ББҮ стратегиясы) кестесін толтырады.
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.