Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс


Ынтымақтастыру атмосферасын орнату



бет19/170
Дата25.11.2023
өлшемі5,12 Mb.
#127608
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   170
Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Миға шабуыл. Оқушыларға сұрақтар беріледі:

  • Секірудің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Секіру бойынша олимпиада чемпиондарынан кімді білесіңдер? (Ольга Рыпакова).



1.Сапқа тұру, сәлемдесу, ақпар беру, түгелдеу,
сабақтың мақсатын түсіндіру, техника
қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;


2. Жүру үстінде орындалатын жаттығулар:
а) қолды жоғары ұстап, аяқтың ұшымен
жүру;
ә) қолды белге таянып, өкшемен жүру.


3. Жүгіру үстіндегі жаттығулар:
а) тізені жоғары сермей жүгіру;
ә) аяқты артқа сермей жүгіру;
б) аяқты алға сермей жүгіру;
в) оң және сол жанымен секіру;
г) жартылай отырып жүру;
д) жартылай отырып секіру;
е) дем басу.


4. Бір орнында тұрып жасалатын жаттығулар:
а) денені түзу ұстаймыз, қол белде аяқты
иық көлемінде бірдей алшақ қоямыз, санақ
бойынша 1-4 оңға,1-4 солға басты айналдыру;
ә) оң қол жоғарыда, сол қол төменде, санақ
бойынша 1-2 қолды артқа жазамыз, 3-4
ауыстырамыз;
б) денені тік ұстап қолды алдыға созып
қайшылаймыз;
в) оң қолды жоғары көтереміз сол қол белде
екі жаққа иілеміз;
г) қолды белге қойып, оңға 2 рет солға 2 рет
белді айналдырамыз;
д) қолды тізеге қойып, тізе буынын ішке қарай
2 рет сыртқа қарай 2 рет айналдырамыз;
е) қолды алдыға созып оң аяққа және сол
аяққа отыру жаттығулары;
ж) орнымызда тұрып терең демаламыз.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен бірге қайталайды.
Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Қол шапалақ

Жаттығулар көрсету.
Пайдаланатын көрнекіліктер.
Суреттер.

Ортасы

Негізгі бөлім.
Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру әдістерін меңгеру үшін мына жаттығуларды жетік білуіміз керек:
- бір орында ұзындыққа секіру,
- үш қадам жасап секіру,
- жылдам жүгіріп келіп секіру.
Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің ең қарапайым түрі - «аяқты бүгіп секіру әдісі.» Бұл әдіс бойынша секіруші 20 метрдей қашықтықтан жоғары жылдамдықпен жүгіріп келіп,аяқты бүгіп секіреді.Ұзындыққа секіру:1)екпіндей жүгіру, 2)жерден серпілу, 3) қалықтау, 4)жерге түсуден тұрады. Секіруші неғұрлым шапшаң жүгірсе, соғұрлым алысқа секіреді.
Ұзындыққа секіруді жақсы үйрену үшін мына тәсілдерді меңгеру қажет:
- тез жүгіре білу жаттығуын қайталау,
- серпілетін сызыққа аяқты дәл қоя білу жаттығуын қайталау.
- серпілетін аяқты жерге нық тіреп,жақсы серпілу.
- жерге дұрыс түсе білу.(артқа құламай түсу)
Екпіндей жүгірген әр баланың адымының ұзындығы әр түрлі болмақ.Әдетте жерден серпілуге дейінгі жүгіретін қадам саны тақ болса,жүгіру серпілетін аяқтан,ал жұп болса ,сілтенетін аяқтан бастау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет