Ортасы
|
8-10 адамнан тұратын 3-4 команда бір-бірден сапқа тұрады. Әрбір саптың алдында бір гимнастикалық орындық болады (тақтайы жоғары қараған). Белгі бойынша бірінші ойыншылар тақтаймен жүгіріп өтеді, қабырғаға дейін жүгіреді және оған қолынт тигізіп, кері қайтады. Екінші ойыншы қайтып келген ойыншы оған қолын тигізгенде ғана жүгіреді. Тапсырманы орындаған оқушы саптың соңына тұрады.
)Сынып командаларға бөлінеді, олардың әрқайсысында капитан таңдалады. Командалар сөре сызықтарының артына – бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Командалар арасындағы арақашықтық – 20-30 м. Алаңның ортасында, ені 2-3 м жолақты шектейтін екі сызықтың арасында, шахмат тәртібінде жалаушаларды лақтырады.
Белгі бойынша ойыншылар жылдам жалаушыларға қарай жүгіріп, оларды барынша көп жинауға тырысады. Белгіленген уақыттан кейін команда бойынша балалар орындарына қайтып келіп, сапқа тұрады. Капитандар ойыншылар әкелген жалаушаларды жинап, санайды. Әрбір жалауша үшін бір ұпай есептеледі.
Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
|
Барлық оқушылар орындады:
эстафета ойындарының түрлерін біледі;
эстафета ойындарының ережелерін түсінеді;
эстафета ойынының кезінде тапсырмаларды ережелерге сай орындайды және көрсетеді .
Қауіпсіздік ережесін сақтайды. Ойынның ережесін біледі,қорғаныстағы әдіс-тәсілдерді құрады және оны ойында қолданады.
|
Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.
ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»
|
Үлкен, бос кеңістік, ысқырық.
Шеңберлер, секіртпе жіптер, гимнастикалық маттар, орындықтар, конустар, бор, уақыт өлшеуіш.
«
-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html
|