Қозғалыс жаттығуларын барынша тезірек жасау керектігін оқушыларға түсіндіру керек, Нұсқа: Ойынды командалар арасындағы жарыс ретінде де өткізуге болады. Оқушыларға ұпайларды есептеуді өздері әзірлеуді ұсыныңыз. Шабуыл кезіндегі ойыншылардың тактикалары жеке әркеттерге байланысты екендігін түсіндіріңіз: бірінші доп беру-шабуылдың басы, екінші доп беру-шабуылдың дамуы, т.б. Сұраңыз: Бұл тапсырманы орындау кезінде қандай физикалық қасиеттер дамиды? Командалық ойында ойыншылардың машықтарын қалай дамыту керек? Ойын нәтижесіне оқушылармен бірге талдау жасаңыз. Оқушыларға ойын ережесін өздерінше жасауды ұсыныңыз.
Спорттық және қозғалмалы ойындар. Аяқ добы ойыны: Допты алып жүру әдістерін үйрету; Допты ирелеңдетіп алып жүру әдістерін үйрету;
Сабақтың соңы 5 минут
Сабақты қорытындылау: Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау. Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.