Тоғызқұмалақ ойынының барысы шахматтағы сияқты басынан аяғына дейін жазылып отырады . Мысалы: 711 саны жазылса , ондағы 7-отаудың реттік саны да 11- сол отаудағы құмалақ саны . Енді осы саннан кейін сызықша арқылы қарсыласының жүрісі жазылады . Мұнда да отаудың реттік саны мен сол отаудың құмалақ саны жазылады. Сонда бірінші жүріс шамамен былай шығады : 711-815. 815 –қарсыластың жүрісі : 15 құмалағы бар 8-отаудан басталған жүріс дегенді білдіреді .оғызқұмалақ ойынын оңнан солға қарай ,яғни , сағат тілінің бағытына қарсы жүреді . Құмалақ салынған әрбір отаудың өзінше атауы бар
Жүрісті бірінші болып бастаған ойыншы , өзі осыдан бастаған дұрыс деп есептеген отауында бір ғана құмалақ қалдырады да,содан кейінгі отауларға бір-бірден салып шығады да, өзінің соңғы құмалағымен қарсыласының тақ отауын жұптап,өз қазанына салады.
Екі жақты тоғызқұмалақ ойынын ойнату
Тоғызқұмалақ ойынының ережесін түсіндіру.
Жүріс жасау ережесі
Құмалақ ұту ережесі
Тұздық алу ережесі
Атсырау ережесі
Бірінші ерекшелік –ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады.