Құралсыз жасалатын қарапайым жаттығулар.Дененің жекелеген бөліктерінің қимылын дамыту.Қажеттілікке қарай жаттығуларды жеңілдетуге, күрделендіруге болады.Құралсыз жасалатын жаттығулар мойын бөлігінен басталып, қол мен иық, кеуде, аяқ бұлшық еттерімен аяқталады.
Аяқ иық кеңдігінде,қол белде, мойынды оңға, солға айналдырамыз.Аяқ иық кеңдігінде,қолды алға,артқа айналдырамыз.Аяқ иық кеңдігінде, сол қолды белден тіреп,оң қолды жоғарыда солға қарай иеміз.Оң қолды белге қойып,сол қолды жоғары көтеріп, оңға қарай иеміз.
Аяқ иық кеңдігінде, қолды кеуде тұстан бүгіп оңға,солға бұрыламыз.
Қол алда, оң және сол аяқты тізені бүкпей жоғары сермеп қол ұшына тигіземіз.
Аяқ иық кеңдігінде, қолды алға ұстап,аяқты тізеден бүгеміз
Достарыңызбен бөлісу: |