|
Ортасы
Жеңіл атлетика
|
бет | 94/229 | Дата | 10.02.2022 | өлшемі | 9,81 Mb. | | #25185 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: 5ҚМЖ472Ортасы
|
Жеңіл атлетика
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
Ұзындыққа , биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|