Арқаңға өрмелеп шығу жаттығулары.
1.Орындықта отырып, қолды шынтақ буынынан бүгіп, арқанды аяқпен қысып
ұстау арқылы қолмен бірден жоғары тартылу.
2.Арқанға «байланып тұру», яғни өрмелеп бара жатып тоқтау.
3.Арқанға асылып тұрып тербелеу.
4.Арқанға асылып тұрып, аяқты алдыға соза жоғары көтеру.
5.Асылып тұрған қалыпта аяқтың үшін қолға тигізу.
6.Үш тәсілмен арқанға өрмелеу (арқанның биіктігі – 2,5-3 м).
а) аяқты бүгіп асылып тұрып, тізені кеудеге жақындата прқанды не табанмен, не аяқтың үстімен немесе тіземен қысып ұстау.
б)қолды шынтақ буынынан бүгіп, арқанды аяқпен қысып ұстау арқылы қолмен бірден жоғары тартылу.
в)арқанды аяқпен ұстауды сақтай отырып,екі қолды кезекпен ауыстырып ,арқанның жоғарғы жағынан ұстау.
6.2,2,5 және 3м еңкейтілген арқанмен (аяқтың көмегінсіз қолмен өрмелеу, кейін гимнастикалық төсенішке секіріп түсу.
7.Бұл да сондай ,кейін қолмен саумалдап түсу.
8.2,2,5 және 3 м –лік биіктірге бекітілген тіке түсірілгшен арқанға қолмен өрмелеу, төменгі қолдардың және аяқтардың көмегімен түсу.
9.Бұл да сондай ,кейін аяқтың көмегінсіз қолдармен түсу.
10.Мүмкін қателерді талдау
Достарыңызбен бөлісу: |