Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау


Білім: Оқушыларды ағаш өңдейтін құрал-саймандардың түрлерімен ,құрылысымен жұмыс жасау әдісімен таныстыру. Тәрбиелігі



бет19/27
Дата13.01.2023
өлшемі1,19 Mb.
#61241
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Білім: Оқушыларды ағаш өңдейтін құрал-саймандардың түрлерімен ,құрылысымен жұмыс жасау әдісімен таныстыру.

Тәрбиелігі: Кәсіби шығармашылық бағытқа жетелей отырып,еңбекті өз бетінше жасауға, іскерлікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету,практикалық іс-әрекетті қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Көрнекілігі: тірек сызбалар, интерактивті тақта, аралар, плакаттар.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланысы: Сызу, математикалық бейнелеу.
Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру.
II.Үй тапсырмасы:Құжаттық сызба.Үлестірме қаңаз арқылы үй тапсырмасын сұрау.
III.Жаңа сабақты түсіндіру.
1)Ағаш өңдейтін құрал-саймандар
2)Ағашты сүргілеу.
IV.Бекіту:1)Тест жұмысы
1.Ағашты кесуге арналған құрал
а) сүргі ,ә)ара ,б)бұрғы
2. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен оның жұқа
қабаты алынып тасталады.Оны не деп атаймыз.
а) қалдық,ә) үгінді ,б) жоңқа
3. Пышағының жүзі доға тәріздес, дөңес келетін құрал
а)шерхебель ,ә) фуганок ,б)сүргі
4. Ағаштардың бетін тегістеуге арналған
а)бұрғы ,ә) шапқы ,б)сүргі
5. Сүргіленген бұйымның сапасын қандай құралмен тексереміз
а)сызғыш, бұрыштама
ә) бұрыш үлгісі, өлшегіш
б) малка, сызғыш
6. Жалпақ ағаш беттерін тазалап, тегістеу үшін қажетті аспап
а)сүргі ,ә) фуганок ,б)шерхебель
7. Сүргілеу кезінде оң аяғыңды сол аяқтан алшақтатып
ұстау үшін неше см болуы керек.
а) 65 -70 см
ә) 50 -60 см
б)75 -80 cм
8. Фуганоктың ұзындығы кәдімгі сүргіге қарағанда неше есе үлкен.
а) 2 ,ә) 3 ,б) 1
9. Араның қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады.
Оларды не деп атайды
а) төсем ,ә) болат ,б) дайындама
10. Араның тістері неше түрлі қызмет атқарады.
а) 1 ,ә) 2 ,б) 3
2)Математикалық ойын.Шеңбер бойындағы санын тергенде шеберханадағы жеті құралдың аты шығады.
I.2,4,2 ара ,II.1,2,5,10,2 балға ,III.7,9,37,3 егеу ,IV.8,2,12,14,16 қайшы
V.17,13,4,9,11 сүргі ,VI.1,6,4,10,16 бұрғы ,VII.14,2,15,8,16 шапқы
4.Дәптермен жұмыс.
1)Сүргілерді пайдалану барысында оны қалай дұрыс ұстау керек?
2)Сүргілерді пайдаланғаннан кейін пышағын қалай қаратып қоямыз?
3)Арамен жұмыс барысында қандай қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қажет?
5.Оқушыларға жұмбақ жасыру.(құрал-сайман туралы)
V.Қорытындылау.Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандармен жұмыс жасау,қалай қолдану керек екенімен таныстық.
VI.Бағалау.Үйге тапсырма:Құралдармен жұмыс.
 

25 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жиһаздарды жөндеу ж/е жасау. Линолеумді жапсыру.



  • Сабақтың мақсаты: а) Сызба (графика) өнері туралы 
    түсінік беру. Оқушыларды сызба өнерінің түрлерімен таныстыру.
    ә) График суретшілерінің шығармаларымен таныстыру.
    б) Графикалық шығармаларды өз бетімен орындауға үйрету арқылы өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
    Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: Қарындаш, альбом, өшіргіш, тущь, перо, тақта, 
    бор, көрнекіліктер, суретшілер туындылары.
    Сабақтың түрі: Аралас сабақ
    Сабақ барысы:
    1. Ұйымдастыру
    2. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
    3. Жаңа сабақты түсіндіру.
    4. Өздік жұмыс
    а) берілген жаттығуларды орындау, жалпы.
    ә) линолеумге линогравюра жасау және оттиск алу. 
    Әр қатардан бір оқушыдан үш оқушыны тақтаға шығарып, жұмыс істету.
    б) Линогравюра. Монотипия әдісімен сурет салу, үш оқушы.
    в) Линогравюра. Қағазды қырнау әдісімен сурет салу, үш оқушы.
    5. Жұмыстарын қадағалау
    6. Жұмыстарын қорытындылау, бағалау.
    7. Үйге тапсырма. Линолеумге берілген жаттығуларды орындап келу.
    «Графика» - қағаз не қатырма қағазға (картонға) қарындаш , қаламуш, көмір, қыл-
    қалам көмегімен немесе арнайы баспа машиналармен салынған сурет,
    Графика гректің «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан. 
    Сызба өнері – бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан-жақты дамыған түрі
    Графика шығармаларына қарындашпен салынған суреттер гравюралар, кітап иллюстрациялары, газет суреттері, карикатуралар, плакаттар, кітап шрифтілері, түрлі жарнамалар мен маркалар жатады.
    1-жаттығу. Тура қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескішпен ені 0,5 мм – ден аспайтын арықша жүргізіңдер. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп, тағы да 0,5 мм келесі бірнеше сызықтар жүргізіңдер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10x10 см көлемде тік төртбұрыштарға тіліңдер. 
    2-жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасаңдар, тақтаның бетін тегіс толтырыңдар.
    3-жаттығу. Циркулмен дөңгелек жүргізіп, оларды да кескішпен тілгізіп арықша жасаңдар. 
    Графика – бейнелей өнерінің көне түрі. Ежелгі суретшілердің үңгір ішіндегі қабырғаларда қалдырған суреттері көне грек құтыларындағы ою-өрнектер, қайта өрлеу дәуіріндегі көрнекті қылқалам шеберлерінің гравюралары мен суреттері. Соның бәрі тамаша графикалық туындылар болып есептеледі. 
    Бүгінде графика өнері бейнелеу және мүсін өнері сияқты соншалық жан-жақты дамып отыр. Тіпті онсыз біздің өмірді көз алдымызға әкелудің өзі қиын. Кез келген балалар кітабын парақтап қарасақ, мәтіннің мәнін түсінуге мүмкіндік беретін суреттерді, яғни графикалық шығармаларды көруге болады.
    График – суретші Ә.Рахмановтың «Соғыс» шығармасында суретші бір ғана түспен соғысқа аттанғалы тұрған қазақ жауынгерін әр қырынан шебер бере білген. Суретте әскери киімдегі батыл, ержүрек бейнелері нақты көрініс тапқан. 
    Линогравюраны жасау әдісі мұнда ең алдымен линолеум жуып тазартылып, сүртіп құрғатылған болуға тиісті, сурет әбден дайын болған кезде арнайы құралдармен (штихель деп аталатын қашаулармен) қиылады. Оның әдісі қарамен боялатын жерге тимейді де, ақпен боялатын жердің бір қабатын әбден қырнап алып тастайды. Сурет линолеумде ойылып шыққаннан кейін бетіне типография бояу жағылады, одан кейін үстіне қағаз төсеп, линография тақтасына апарып, тазге салып өткізеді. Тезден өтіп, әбден дайын болған суретті оттискі деп атаймыз.
    Басқа бейнелеу өнерінен бұл гравюраның өзіндік айырмашылығы және ерекше қасиеті бар, яғни онда суретші бір ғана линолеумның өзінен қанша сурет керек болса, сонша суретті тезден өткізіп шығара алады. Линолеуммен жұмыс істегенде асықпау керек және өте мұқият болу керек. Мұнда эскизде кеткен қателіктер ғана түзеледі, ал шихельмен кесіп жатқанда қателіктер кетсе, оларды түзеу мүмкін емес. Гравюрлеу үшін линолеумнің қалыңдығы 0,5 мм, ең аз дегенде 2,5 мм болу керек. Линолеумге гравюрлеу кезінде пайдаланатын аспаптар біршама қарапайым болады, оларды өздерің-ақ жасап алуға болады. Негізгі аспап 50-600 бұрыш шамасында тұмсығы бар бұрыштық қашауы. Мұндай қашау бірде әзер байқалатын сызықты, бірде өте жуан, бірде тік, т.б. сызықты береді. Аумақты орындарды ойып алу үшін ені 2-3 тен 10-12 мм-ге дейін болатын, жүзі жартылай шеңбер қашаулар қолданылады. 
    Линолеумге пайдаланатын қашаулардың көпшілігін ескі қолшатырдың шабақшаларынан жасап алуға болады: олардың ені әр түрлі, әрі дайын сайы бар, оны тек қажетті формаға келтіру керек. 
    Аспап әрдайым өткір болуға тиіс, сондықтан да оны қайрауды жақсылап үйреніп алу керек. Аспаптардың тек ұшын ғана қайрайтынын ұмытпаған жөн. Гравюрлеу кезінде кесілген сызықтар жақсы көрінуі үшін линолеумнің бетіне жұқа қарындашты мақтамен сүрте отырып, аздап қарайтуға болады. Керісінше линолеумді гуашьтың ақ бояуымен грунттап, оның бетін ақ жасауға болады. Онда қалдырылған сызықтар бұрынғыдан да айқынырақ көрінеді.
    Линогравюралар бір түсті және түрлі-түсті: 2, 3 одан да көп болуы мүмкін.
    Сонымен, түрлі-түсті гравюраны басу кезінде қанша бояуды қолданатын болсақ, соның түстік ерекшелігіне қарай сонша тақта болуға тиіс. Оттискіні сынап көргеннен кейін, қолданған бояулардың әр түрлі үйлесімін тексеру керек. Мұнда өте жақсы Оттискі алу оңай шаруа емес. Алғашында сәтсіз Оттискілер болуы мүмкін. Гравюрлеуді бастамастан бұрын бірінші дайындық суретті жасап алу керек. Мұны қаламұш пен қылқалам арқылы тущьпен орындаған дұрыс. Суреттің форматы баланың гравюра жасау форматымен сәйкес болуы тиіс. Суретті тақтаға ауыстырғанда тақтадағы бейненің оттискіге қатысы «айнадағы бейнедей» нақты түсуін қадағалауымыз керек. 
    Гравюрлеу кезінде жіберген қателіктерді дер кезінде түзетпесе, гравюрада түзету өте қиын. Ол үшін ірі бөліктерін кесіп алады да, дәл өлшеніп кесілген қажетті жерге қиюластырған жаңа кесінділермен ауыстырылады. Сөйтіп гравюраның тиісті бөлігі қалпына кел-
    тіріледі. Ұсақ штрихтар мен қосымша жерлерді тіс тазалайтын ұнтақты желімге араластыру арқылы бекітеді. Басуды біткеннен кейін, бензинге матырылған шүберекпен бояу қалдығын (тақта мен біліктен) кетіріп, оларды құрғақ, таза шүберекпен сүрткен жөн.

26 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Электротехника және электроника негіздері

  • Сабақтың әдісі: Тірек-сызбалармен, формулалармен жұмыс

Көрнекіліктер: плакат «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау», таратпа тірек-сызбалар, жекелеме тапсырмалар.
Құрал – жабдықтар: мультимедиалық проекция аппараты
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға электр тізбегі жайлы түсіндіру. Тізбек құруға қажетті жабдықтармен таныстыра отырып, өткізгіштердің тізбекке жалғану әдістері, тізбектей және параллель жалғану жайлы мағлұмат беру;
Дамытушылық: Оқушылардың электр құбылыстарының өтуін түсінуге, есептер шығару кезінде білімдерін қолдана отырып жұмыс жасай білу дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту, қызығушылығын арттыруға, өз ойын жеткізе білуге жағдай жасау;
Тәрбиелік: Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Оларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: тарих, математика, электротехника.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1´
ІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау 10´
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру 20´
ІV.Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту 10´
V. Үй тапсырмасы 1´
VІ. Оқушылар білімін бағалау, сабақты қорытындылау 3´
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Сабақтың эпиграфы ретінде Конфуций сөздері алынады:
«Білімге жетелейтін үш жол бар: ойлану, толғану жолы – бұл ең өнегелі жол, еліктеу жолы – бұл ең жеңіл жол, тәжірибе жолы – бұл өте ащы жол».
Бүгінгі сабақта біз философтар ойы бойынша білімге жетелейтін осы үш жолды қолданатын боламыз. Бірақ сендер үшін қай жол тиімді екенін өздерің шешетін боласыңдар.
Мен сендерге өткен сабақтағы алған білімдеріңді қолдана отырып, ойлану, толғану жолымен келесі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беруді ұсынамын.
ІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау жүргізу.
Оқушылармен домино ойнау.
Оқушыларға жұптық тапсырма беріледі. Олар домино ойыны сияқты берілген сұрақтың жауабын екінші доминодан табады. Сол табылған жауаптың екінші бөлігі келесі сұрақ болып табылады.
Оқушылар доминоны шешіп жатқанда, үйге берілген есепті тексеріп шығамын.Электр тогы дегеніміз не?
Электр зарядтарының кез келген реттелген қозғалысын айтады Шардың электр сыйымдылығының өрнегін тап
Электр зарядының өлшем бірлігі
1 Кл (Кулон) Электр тогы қалай бағытталған?
Оң зарядтың қозғалыс бағыты алынады
Өткізгіштерге жатады….
Су, адам денесі, металл, өсімдік тамыры Атомның құрылысы…
Ядро мен оны айнала қозғалған электрондар. Ядро – протон мен нейтроннан тұрады Кулон заңы – …
Электр тогы қалай бағытталған?
Оң зарядтың қозғалыс бағыты алынады
Келесі тапсырмаға тірек-сызбалар бойынша жауап беріңдер.
Мұнда тірек-сызбалардағы ашық қалған орындарды қажетті жазбалармен толықтыру қажет.
1- тірек-сызба
2- тірек-сызба
3-тірек сызба
Физикалық шамалар Белгіленуі Өлшем бірлігі
Ток күші I А
Кернеу U В
Кедергі R
Ом
Меншікті кедергі ρ Ом*м
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ тақырыбы: «Электр тізбегі. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау»
Балалар жаңа тақырыпты түсіндіруге көшпес бұрын қысқаша мына сұрақтарға жауап берейік.
Тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
Электр кернеуін қандай құралмен өлшейді және тізбекке қалай жалғанады?
Электр тізбегі дегеніміз не?
Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б электр құралдарын пайдаланады. Бұлар әр түрлі жалғанады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық:
1-жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды (1-сурет).
сурет 2-сурет
2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды (2-сурет).
4-тірек-сызба
Тізбектей жалғану мысалы: гирлянда – шырша шамдары.
Параллель жалғанудың мысалы: кабинеттердегі жарық шамдарының жалғануы.
Жалғанулардың артықшылықтары мен кемшіліктері:
Параллель жалғану – Тізбектегі бір шам жанып кеткенде, басқалары жұмыс жасайды. Бірақ тізбекке кернеу шамасы аз шамды қосқанда, шам шыдамай, жанып кетеді.
Тізбектей жалғану – тізбекке кернеу шамасы аз шамды жалғауға болады, тізбек пен шамның кернеулері әртүрлі болса да шам жұмыс істейді, бірақ тізбектегі бір шам жанып кеткенде, басқа шамдар жұмыс жасамайды.
Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту
Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылып, есептер шығарылады.
Сұрақтар
Электр тізбегін құру үшін не қажет?
Өткізгіштерді тізбектей жалғаудың ерекшеліктері?
Өткізгіштерді параллель жалғаудың ерекшеліктері?
Сапалық есептерден сұрақтар
Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды неге?
Жауабы: аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді. Егер қақпақ ашылмаса жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін.
2. Қараңғыда қант сындырғанда әлсіз жарқылды байқауға болады. Осыны түсіндіріңдер.
Жауабы: Қант сындырғанда зарядталады.
3. Неге электр сымдарына қонып отырған құс, жоғары кернеуді қосқанда ұшып кетеді?
Жауабы: Электростатикалық өрістен құс қауырсындары өзара әсерлесіп аралары ашыла бастайды. Осы қолайсыз әсер құстың ұшуына себеп болады.
4. Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың әсері неге білінбейді?
Жауабы: Құстың денесі мен оның аяқтары арасындағы өткізгіш бөлігі өзара параллель. Мұндай тізбектегі ток күші кедергіге кері пропорционал құс денесінің кедергісі АВ өткізгіш кедергісінен анағұрлым артық болатын, ондағы ток күші аз. Ол құсқа қауіпті.
Есептер арнайы жасалған «қиық карталарда» орындалады. Алғашқы екі есепті өзім шығарып көрсетемін. Қалған есептерді өздерің шығарылу жолына қарап орындауларың қажет.
Есептер шығарту
1-есеп. R1 резистордағы кернеу 3 В-қа тең. R2 резистордағы кернеу неге тең?
Берілгені:
U1=3B; R1=1Ом; R2=4Ом
т/к: U2-?
Шешуі: Екі резистор тізбектей жалғанғандықтан өтетін ток күші бірдей. Сондықтан өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндегі формулаларды қолданамыз.
I_1=U_1/R_1 =3/1=3A, I=I_1=I_2=3A, I_2=U_2/R_2 , формуласынаншығатыны〖U〗_2=I_2*R_2=3*4=12B
Жауабы: U2=12B
2-есеп. Әрқайсысы 6 Омрезистордыңқосылусызбанұсқасысуреттекөрсетілген. Электртізбегінің барлық бөлігіндегі жалпы кедергісін анықтаңдар.
Берілгені:
R1=R2=R3=6 Ом
т/к: Rж-?
Шешуі: Бұл сызбада астыңғы екеуі параллаль жалғанып, үстіңгі біреуіне тізбектейжалғанған. Сондықтан екі түрлі жалғау жағдайын қарастырамыз.
1/R_1,2 =1/R+1/R=2/R, R_1,2=R/2=6/2=3Ом, R_ж=R_1,2+R_3=3+6=9Ом
Жауабы: Rж=9 Ом
Келесі есептерді оқушылар өз орындарында отырып шығарады
№532
Электр үтігі кернеуі 220 В желіге қосылған.Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Омболған жағдайда ондағы ток күші неге тең?

27 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Электротехникалық жұмыстар


1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет