Өзіңізді тексеріңіз! - Әңгімедегі материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, баға бере отырып авторға хат жазыңыз.
- Дескрипторы:
- Әңгімедегі материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, баға береді;
- Авторға хат жазады.
- Құрметті автор, сіздің «Мәңгілік бала бейне» әңгімеңізді оқып, өркениет өрістеп, құндылық өзгерген қатыгездеу қоғамда адам жанына үңіліп, арман-мұңымен бөлісудің өзі қияметке айналып бара жатқан заманды қалтқысыз танығандай болдым. Тәні мүгедек болса да рухани құндылықтарға бай Ләйләнің арманға сеніп, сұлулыққа сүйсінуден бір сәт те танбаған, тәні жарымжан болғанымен, жан дүниесіне ноқаттай қылау түсірмей, жүрегін таза сақтай алған бейнесі көп көңіліне ой салып, оқырманның рухани әлеміне төңкеріс жасағандай. Ләйләнің соншалықты таза, соншалықты арманшылдығына қызығасың. Көрші ауданның басшы азаматтары жергілікті халықтың қайғы-мұңын өз мүдделеріне пайдаланбақ мақсатында, Ләйләні «бетке ұстап», митинг өткізуді, үгіт-насихаттың таптырмас әдісі деп табады. Мұндай қорлыққа шыдамаған намысшыл Ләйлә жан күйзелісінен көз жұмды. Шығарма бір ғана Ләйләнің өмірін мысалға ала отырып, Семей полигонының елге тигізген зардабын, өмір қиындықтарын, барға қанағат ету керектігін көрсетеді. Сол кездегі халық өмірі де баяндалған. Адам мінезінің әртүрлі болатындығын түсіндіреді, өзгенің өміріне күле қарамай, түсіністік танытуға шақыратын шығарма.
-
- Шығармадағы құндылықтарды іріктеп, екі бағанға жаздыңыз.
- Шығармадан кейіпкердің бойындағы рухани құндылықтар берілген үзінділерді теріп жазып, сипаттама бердіңіз;
- Әңгімедегі материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, баға бере отырып авторға хат жаздыңыз.
- Атом сынақтарынан зардап шеккен полигон құрбандарының өмірін, күллі адамзат қасіретін бейнелейтін басқа да авторлардың шығармаларын тауып оқыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |