«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең». Иә, расымен де «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, армансыз адам болмайтыны рас және сол армандардың түптің түбіне орындалатынына де сенемін.
Жалпы адамзаттың көбісі болашақта не қалайды соны армандап жатады. Менің армандарымның ішіндегі ең үлкені: ол менің арманымдағы қала ол Астана. Астана армандар орындалатын қала. Менің Астанаға барғым келетін себебім, болашақта ұлағатты ұрпақты тәрбиелейтін маман иесі болғым келеді, яғни мұғалім мамандығы. Астана қаласында бәріне белгілі. Бәйтерек мұнарасы бар. Биік ғимараттар арманға жол ашар мүмкіндікттер береді. Астана күн өткен сайын көркейіп, дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, «болашақтың қақпасы» деп көз тігіп отыр.
Қарасаң көз тоймайды. Жылдан жылға сәніне сән, сәулетіне сәулет қосып келеді. Бұл күнде Астананың дүниежүзі біледі десек артық айтқандық болмас. Осында әлемдік көлемдегі алқалы жиындар өтіп жүр. Оларда адамзаттың түйткілді мәселелері сөз болады. Астана бейбітшіліктің мызғымас ордасына айналды.
Қазіргі менің мақсатым үздік оқушы атанып, ата-анамның үмітін ақтап, армандарыма қол жеткізу. Сонымен қатар арманым Астананың өсіп-өркендеуіне, дамуына өз үлесімді қоссам деймін.