Сабақтың тақырыбы Қазақ халқының ауа райын болжауы Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



бет3/6
Дата18.10.2023
өлшемі252,3 Kb.
#117977
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7- сыныпdocx

Ж. Тыңдалым тапсырмасы.
«Климаттық аймақтар» тақырыбында бейнежазба көреді, тыңдайды. Мұғалім оқушыларға бейнефильмдегі оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжатады. Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжату үшін бейнефильмнің бас жағын ғана көрсетіп, ары қарай оқиғаның қандай болатынына болжау жасайды.
«Болжау» әдісі
Бірақ ауа райы мен климат бір емес. (0:12)
Әлемді бірнеше климаттық аймақтарға бөлуге болады. (0:48)
Әр климаттық аймақтың өзіне тән климаты, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі бар. (1:09)
Полярлық климаттық аймақ (1.14)
Тропикалық немесе экваторлық белдеулерде (1:39 )
Жұптық әңгіме құраудың алдында сөйлеу кезінде интонацияға, кіріс мен логикалық екпін туралы теориялық түсінік беріп кету керек.

  • Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Түркі тілдерінде екпіннің қызметін сингармонизм атқарады. Қазақ тіліндегі екпін тұрақты, көбіне соңғы буындармен байлаулы болады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады.

Екпін түспейтін буындар.
1. Жіктік жалғауына. Мысалы, оқушымыз, барамыз. 
2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы, ағашты жарма, сен оған айтпа. 
3. Шылау сөздерге. Мысалы, үй де, мал да – бәрі де аман. 
4. Көмекші сөздерге. Мысалы, мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.
Екпіннің түрлері.
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
Ой екпіні – сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Тіркес екпіні – бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.
Дыбыс екпіні – сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет