Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары


Дыбыс үндестігі. Ілгерінді және кейінді ықпал



бет6/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

3.Дыбыс үндестігі. Ілгерінді және кейінді ықпал
Үндестік заңы буын үндестігі дыбыс үндестігі деп бөлінеді.Сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып айтылу зандылығын буын үндестгі дейміз. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке буындардан құралған. Сонымен бірге қазақ тілінде сөз ішінде жуан, жіңішке дыбыстар араласып келеді. Бұндай ерекшелік төмендегідей жағдайларда:
1) басқа тілдерден енген сөздерде (кітап, муғалім, кадір, анекдот т.б.);
2) біріккен сөздер мен қос сөздерде (бойжеткен, қыз-келіншек, баспасөз, зкогары-төмен т.б.) кездеседі. Бұл сөздерге қосымша соңғы буынға қарай жалғанады (бойжеткен-ді, кітап-тың, қыз-келіншек-тер, баспасөз-де).Түбір сөз бен қосымша, сөз бен сез арасыңдағы дыбыстардың бір-біріне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі аталады. Мысалы, қалалық, мәнерле, мәжіліске, мектепте, сияқты мысалдарда қала, мәнер сөздеріне қосымшанын үнді дыбыстан басталып жалғануына сөздің соңындағы дауысты және үнді дыбыстар әсер еткен. Ал мәжіліс, мектеп сөздеріне қосымшаның қатаңнан басталып жалғануына сөз соңындағы қатаң дыбыстар қосымшаның өзіне жақын қатаңнан басталуына ықпал еткен.Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді: Ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
Ілгерінді ықпал
Сөздің соңғы дыбысы дауыссыздан басталатын қосымшаның алғашқы дыбысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейді. 1. Сөз дауысты дыбысқа, үнді және ұяң дауыссыздарға аяқталғанда, дауыссыздан басталатын қосымша не үнді, не ұяң дауыссыз дыбыстардан басталады: ана + ны, әке + де, қар + лы, әжем + де, қыз + дар.
Ескерту: Ілгерінді ықпалға бағынбайтын қосымшалар бар, олар: -шыл, -шіл, -шақ, -шең, -шық, -шік, -ші, -ша, -ше, -шылық, -шілік, -сыз, -сіз, -са, -се, -сық, -сің, -сыздар, -сіздер, -паз, -қор, -қой, -хана, -кеш: ұйқы+шыл, күлкі+шіл, ашу+шаң, мәсі+шең, ойын+шық, үй+шік, бала+ша, менің+ше, оқу+шы, ән+ші, шаруа+шы-лық, кәсіп+шілік, қалам+сыз, әл+сіз, бар+са, кел+се, қала+сың, кере+сің, ала+сыз, біле+сіз, ұға+сыздар, жүре+сіздер, өнер+паз, бәле+қор, сән+қой, ем+хана, ар-ба+кеш.
Сөз қатаң дыбысқа және б, в, г, д дыбыстарына аяқталғанда, дауыссыздан басталатын қосымшаның алғашқы дыбысы қатаң дыбыстан басталады: халық+қа, бесік+ті, завод+та, кооператив+тің, штаб+та, педагог+тер, архив+тен, геолог+ке.
КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ
Қазақ тіліңде түбір мен қосымша және біріккен сөз сыңарларының аралығында, сөз тіркестері сыңарларының арасында кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсер ететін жағдайы жиі кездеседі. Кейінгі дыбыстын алдыңғы дыбысқа әсерінен алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысқа ұқсап өзгеруі кейінді ықпал деп аталады. Мысалы: кітап - кітабы, күрек - күрегі, басшы - башшы, Оразжан - Оражжан, ақ лақ - ақ лақ, он бес - ом бес, боз жирен — бож жирен т. б. Кейінді ықпалдың жазуда ескерілетін де, ескерілмейтін жері де бар. Егер қ, к, п дыбыстарына аяқталған сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша қосылса, түбірдің соңындағы қ, к, п дыбыстары ұяң болып ғ, г, 6, (у) болып өзгерген қалпында жазылады. Мысалы, тік - тігеді, кеп - кебеді, жүрек - жүрегі, жап -жауып т. б. Бірақ қазақы (дәстүр), қалмақы (ер) және орыс тілінен енген п дыбысына аяқталатын сөздерде ұяңдамайды. Көбінесе кейінді ықпал бойынша ықпалдасатын қ, к, п, с, з, ш, ж, н дыбыстары болып келеді, тек айтылуда ғана өзгеріске ұшырайды, мысалы, қос шелек (қош шелек), саз жол (саж жол), Бозжан (Божжан), қосшы (қошшы), жұмысшы (жұмысшы), Боранбай (Борамбай) т. б.
ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ
Қазақ тілінде көрші дыбыстар бір-біріне түрліше ықпал етеді. Кейде сөз тіркестері мен біріккен сөз сыңарларындағы дыбыстар бір-біріне ілгері-кейінді әсер етіп, алдыңғы дыбыс кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп өзгертетін, ал ол өзгерген дыбыс өзінен бұрынғы дыбысты өзгертетін жағдай кездеседі. Дыбыстардың осылайша өзгеруі тоғыспалы ықпал деп аталады. Мысалы, Ырысжан .(Ырышшан), Есжан (Ешшан), Жанқожа (Жаңқожа), тас жол (таш шол) т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет