Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет8/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

4.Графика және орфография
Графика (жазу) Қазіргі алфавит тің құрамы. Қазақ алфавитіндегі әріптер мен фонемалардың арақатынасы.
Орфография (емле). Қазақ орфографиясы туралы қысқаша мәлімет: араб әліппесі, латын әліппесі тұсындағы емле, қазіргі емле. Қазіргі кезеңдегі орфографияның негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері; ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптер дің, түбір тұлғалардың жазылуы; күрделі сөз түрлерінің (біріктіріп ,бөлек , сызықша арқылы жазыла тын) жазылуы; халықаралық сөздердің жазылуы, қосымшалардың түрлері (алты,төрт,үш,екі вариантты және вариан- ты жоқ) олардың емле ережесіне қатысы. Орфоэпия. Орфоэпия туралы қысқаша мәлі- мет.Орфография мен орфоэпия мәселелерінің ара қатынасы. Фонетикалық транскрипция. Қазақ орфографиясының нормалары.
Графика дегеннен белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың тіркесін белгілеу тәсілдерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Л.В. Щербак графиканы «алфавиттің ережелері (қағидалары)» деп те атайды.
Графика белгілі бір қағидаларға негізделеді. Графиканың ең басты мәселелерінің бірі-тілдің алфавитіндегіәріптердің қүрамы туралы мәселе. Графикалық қағида бойынша, әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбаланбай, олардың әрқайсысының өзіне телінген таңбасы (әріп) болуы керек. Екінші сөзбен айтқанда, белгілі бір әріп бірнеше фонеманың таңбасы емес, бір фонеманың таңбасы болсын деген қағидаға негізделеді. Бұл қағида графиканың ең басты қағидаларының бірі болып саналады. Ал, егер әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбалана берсе, онда сауат ашу, оқыту ісі, емлені үйрену қиындай түсер еді. Алайда бүл айтылғаннан белгілі бір тілдегі фонемалардың саны мен әріптердің саны өз ара тепе-тең болуы шарт деген ұғым тұрмауға тиіс. Графиканың транскрипциядан айырмашылығы сол, ол (графика) тілдің дыбыстық құрамын дәлме-дәл және түгел қамтып көрсетуді мақсат етпейді.
Сөз құрамында айтылатын тіл дыбыстарының жазба тілде қағаз бетіне түсіп жазылуы және соған орай оқылуы үшін олардың белгілі бір таңбаларымен белгіленуі шарт. Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңбалармөн әріптермен таңбаланады.
Графика (грек graphire-жазылған, өрнектелген, сызылған) –жазу және соған қатысты мәселелерді қарастырады, яғни белгілі бір жазуға қатысты барлық амалдың жиынтығы, әріппен дыбыстық арақатысы, сол әріп, таңбаларды жетілдірудің жайы. Қазіргі қазақ графикасының басты құралдары әріптер және түрлі тыныс белгілері болып табылады. Бұдан басқа сөздерді Қысқарту , бас әріппен жазу, жаңа жолдан (абзацтан) бастау, текстегі кейбір сөздерді айшықтандыру да графиканың амалына жатады.
Ал акаделшик Л. В. Щерба графиканы "алфиттің ережелері (қотдалары)" деп аталады.Жазуда әріптер тіл дыбыстарын неәуірлім дәл беретін болса, графикалық жүйе де соғұрлым жетілген болып табылады. Жеке әріп жеке дыбысқа сәйкес келетіндей немесе жеке дыбысты жеке әріппен дәл беретіндей мінез графика жоқ деп есептеледі, графика соған ұмтылады.Графика белгілі бір қағидаларға негіделеді. Графиканың ең басты мәселелерінің бірі- тілдің алоровитіндегі әріптердің құрамы туралы мәселе. Графикалық қағида бойынша, әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбаланбай, олардың әрқайсысының өзіне телінбеген таңбасы (әріп) болуы керек. Екінші сөзбен айтқанда, графика бөлгілі бір әріп бірнеше фонөманың таңбасы емес, бір фонеманың таңбасы болсын деген қағида негізделеді. Бүл қағида графиканың ең басты қағидалардың бірі болып саналады. Ал егер әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбалана бөрсө, онда сауат ашу, оқыту ісі, емлені үйрену қиындай түсер еді. Алайда бүл аитылғаннан белгілі бір тілдөгі фонемалардың саны мен әріптердің саны мен әріптердің саны өзара тепе-тең болуы шарт деген үғым тумауға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет